27 Қыркүйек, 2013

Зорлыққа ұшыраған екі қазақстандық АҚШ-та қалмақшы

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-09-13-meyott-2

Ер жетіп қалған олар Қазақстанға оралғылары келмейтінін айтыпты. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

«Баланың жасы 21-де, қыздың жасы 17-де. Олар Америкада қалуға ниет білдіріп, Америка азаматтығын алып жатыр. Қазақстанға оралуды әзірге жоспарламаған», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Естеріңізде болса, кеше ғана қазақстандық екі жетім баланы асырап алып, оларға жәбір көрсеткен америкалық ерлі-зайыптыларға қатысты сот шешімі шықты. Линда Мейот 22, ал оның күйкеуі Джозеф 20 жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар