Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда 150 аула абаттандырылады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанның барлық ауданында аула мен үй аумақтарында абаттандыру жүріп жатыр. Биыл 150-ге жуық аула абаттандырылады. Олардың кейбірі 10 жылдан астам уақыт бойы абаттандырылмаған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда 150 аула абаттандырылады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы жұмыс барысымен танысты. Ауданда 50-ден астам тұрғын үйде 14 мыңға жуық адам тұрады. Аталған шағын аудандағы 16 аула абаттандырылады. Нөсер кезінде «Жастар» шағын ауданының ішкі ауласына су ақпау үшін жауын-шашын кәріздерін төсеу қолға алынған. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапасының маңызды екенін атап өтті.

«Біз осы аудандарда тұратын тұрғындар үшін аула іші аумақтары мен ойын алаңдарын жасаймыз. Аулаларды абаттандыруда тұрғындардың пікірін ескеру қажет. Ол үшін биыл барлық аудандар бойынша «Қатысу бюджеті» бағдарламасы іске қосылды. Қай ауланы абаттандыру керек екенін және ойын алаңында нені көргісі келетінін тұрғындардың өзі шешеді. Ең алдымен жұмыс тиісті деңгейде орындалуы керек, біз сапасы төмен жұмысты қабылдамаймыз. Сондай-ақ аудандарды көгалдандыруға ерекше назар аудару қажет. Биыл қалада 30 мыңға жуық ағаш отырғызылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, биыл елордада 50-ге жуық қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар және басқа да көпішілік орындар) абаттандырылады.