– Біріншіден, тамақтану орындарында қызметкерлер мен келушілердің арақашықтығы сақталуы тиіс. Екіншіден, мейрамханалар мен кафелерде желдету жүйесі жақсы күйде болуы шарт. Міндетті түрде ғимарат ішін желдетіп, ауасын тазартып тұру керек. Үшіншіден, тамақтану орындарында тұрақты бактерицидтік шамдар орнатылуы тиіс. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады. Төртіншіден, мейрамханалар мен кафелердің кіре берісіне дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) қойылуы керек. Бесіншіден, үстелдердің орналасуы біркелкі болғаны жөн, олардың арасы 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс,-деп мәлім етті облыстың бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев.
Оның айтуынша, сондай-ақ, ғимарат ішінде санитарлық және дезинфекция жұмыстарын уақытылы жүргізіп, қызметкерлерге санитайзер мен медициналық маскаларды қолдану міндетті болып саналады.