Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйек айында 300 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі. Бекет батыр мен Тәшенов көшесінің қиылысында орналасқан білім мекемесінің құрылысы қызу жүргізілуде.

Қазіргі таңда екінші қабаттың плита жабындылары мен бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары газоблокпен 100 пайызға қаланған болса, бөлмеаралық қабырғалардың іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде.
Аталмыш өнер мектебінің құрылыс жұмыстарымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Ғимаратты аралау барысында қала басшысы мердігерге құрылысты көрсетілген уақытында аяқтап, сапаға баса назар аударуды тапсырды.
Сондай-ақ, сала мамандарына тәрбие ошағы нысанының алдына автотұрақ мәселесін де қарастыруды айтты.
Айта кетейік, өнер мектебінде музыкалық сабаққа арналған сыныптар, дайындық бөлмесі, концерт залы мен мүгедектерге арналған техникалық үй-жайлар, хорға арналған сыныптар, дыбыс жазу студиясы және медпункт пен асхана қарастырылған.
Жобаның жалпы құны 622 072,6 мың теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «РСУ-1» ЖШС-гі жүргізуде.
Шымкент
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар