Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы: Колледж жылыжайы өнім бере бастады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы  ауданындағы аграрлы-техникалық колледжінің жанынан арнайы жылыжай ашылып, алғашқы өнімін бере бастады.

Қызылорда облысы: Колледж жылыжайы өнім бере бастады

Өткен жылы құрылысы басталған жылыжайда әзірге қияр мен қызанақ қана өсіп тұр. Қияр пісіп тұр, осы айдың аяғына дейін қызанақ та жеміс бере бастайды. Алдағы уақытта  жылыжайға  гүлдің түр-түрін өсіру жоспарлануда.

Колледж  директоры Темірбек Исмайловтың айтуынша, алдағы уақытта «Жылыжайда көкөніс өсіруші» мамандығын ашу жоспарда бар. Білім ордасында мұндай тәжірибе алаңының болуы болашақ мамандардың өз кәсібін жетік меңгеріп шығуына сеп болмақшы.

Студенттер жаңа технологиялардың, тамшылатып суарудың пайдасы қандай екенін, қандай процестер қолданған жағдайда жақсы өнім алуға болатынын үйренеді.