
Қазақстандық тағы бір ауыр атлет, еліміздің биылғы жылғы чемпионы Кирилл Павлов үйленді.
Ол - Лондон Олимпиялық ойындарына қатысып қайтты. Биылғы жылғы Қазанда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың жеңімпазы атанды. Азия Ойындарының 2010 жылғы және 2010 Азияның 2011 жылғы күміс жүлдегері.
«Нағыз жауынгерлік рухтағы жігіттің таңдап алған жары алматылық Ирина деген бойжеткен. Жарнама агенттігінде продакт-менеджер болып қызмет етеді. Даңқты спортшының некеге тұру рәсімі бүгін Алматыдағы неке сарайларының бірінде өтеді», - деді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни.
Дамир Қожамқұл.