Қазақстан • 20 Мамыр, 2020

Елімізде 111 қалалық және 481 жеке жағажай анықталды

451 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізде 111 қалалық және 481 жеке жағажай, су айдындарына жақын орналасқан 70 балалар лагері анықталды.

Елімізде 111 қалалық және 481 жеке жағажай анықталды

2019 жылы 607 ресми демалыс орны (500 жеке меншік және 107 коммуналдық жағажай) жұмыс істеді. Еліміздің құтқарушылары өткен жылдың суға шомылу маусымы кезінде 269 адамды, оның ішінде 85 баланы құтқарды.

Жыл басынан бері еліміздің суайдындарында 38 адам суға батып кетті, оның ішінде 13-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері:

- балық аулау ережелерін сақтамау (22 адам, оның ішінде 5 адам мұз астына түсіп кетті);

- мұз астына түсіп кетті (6 адам, оның ішінде 6 бала ойын кезінде)

- суайдынында қараусыз қалған балалардың суға құлауы (6 бала);

- өз күшін жете бағаламау, су бұрғышқа түсу, қатты ағыс, аяқ-қолдың құрысуы (3 адам, оның ішінде 1 бала);

- мас күйінде суға шомылу (1 адам).

Жалпы өткен жылмен салыстырғанда 23 адамға азайғаны байқалады.

Елімізде карантиннің іс-әрекетіне қарамастан, белгіленбеген жерлерде суға шомылуға байланысты 4 адам, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында, Ақмола және Түркістан облыстарында бір адамнан суға батып көз жұмды.

Бұл ретте, жыл басынан бері Алматы – 6 адам, Қарағанды және Түркістан облыстарында 4 адамнан қаза тапты. Бұл жерде адамдардың қаза болуының негізгі себептері балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады.

Еліміздің су айдындарындағы оқиғалар санын азайту мақсатында құтқарушылар алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы суға шомылу маусымы кезінде (1 мыңнан астам құтқарушы) қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды. 300-ден астам жүзу құралы мен судағы 1000-ға жуық құтқару құралы дайындалды.

Құтқару бөлімшелерінде судағы ресми демалыс орындарын қамтуды арттыру үшін қосымша 85 құтқарушы-жасақшы оқытылады.

Қазір жедел-құтқару жасақтары жабдықталмаған учаскелер мен табиғи жағажайларға маусымдық мобильді құтқару бекеттерін қояды, барлығы 53 бекет қою жоспарлануда.

Мобильді бекеттер еліміздің суайдындарының 240 учаскесі, оның ішінде 27 коммуналдық акватория және 213 табиғи жағажай қамтылатын болады. Алайда, жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған суайдындарында суға шомылу фактілері бар, онда өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар жиі орын алады. Азаматтар өз күшін дұрыс бағаламау салдарынан суда көз жұмады. Өткен жылы 268 адам, оның ішінде 87 бала көз жұмды.

Сонымен қатар, карантинге байланысты халық арасында үгіт-насихат өнімдерін тарату жұмыстары (парақшалар, жадынамалар, брошюралар), сондай-ақ рейдтік іс-шаралар жүргізілмейді.