Абайдың өлең-жырлары мен поэмалары қырғыз тілінде жарық көрді. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі хабарлады.

«Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен Абайдың өлең-жырлары мен поэмалары қырғыз тілінде жарық көрді. Бауырлас елдің байтағы Бішкекте жарық көрген бұл басылымның академиялық алғашқы жинақ екенін айта кету керек.
Бұған дейін Алатаудың аржағында Абайды қырғызша сөйлеткен ақындар аз болмаған. Ұлы ақынды алғаш қырғыздың классик ақыны Жомарт Бөкөнбаев 1930 жылдардың соңында қотарған көрінеді. Содан кейін академик, Еңбек ері, атақты Аалы Тоқомбаев бастап, Қырғыз елінің батырлары Сооронбай Жусуев, Сүйінбай Эралиев, ел ақындары Жалил Садыков, Сүйерқұл Тургунбаев, Омар Сұлтанов, Жолдошбай Абдыкалыков, Түгелбай Қазақов, Керимбек Кадыракунов сынды ақындар жалғаған аудармашылар тізімін қазақ пен қырғызға дәнекер болып жүрген Perizat Almaz Kyzy қарындасымызға дейін әкелуге болады», - деп жазды Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, жаңа академиялық жинақта жоғарыда аталған атақты ақындардың ең таңдаулы аудармалары таңдап алынып, оларға түсініктеме жазылып, ойшыл ақынның жырлары кезінде Мұхтар Әуезов түзген хронологиялық жүйемен берілді.
«Машақатты жұмысты үйлестіріп, бүкіл аудармаларды салыстырып, оларға ғылыми түсініктер жазған белгілі қырғыз ақыны Керімбек Қадырақунов пен академия қызметкері, профессор Қадыралы Қоңқабаев ағама алғыс айтамын! Ұлы Абайдың әдеби мұрасы бірлігі жарасқан бауырлас елдің рухани байланыстарын бекемдей берсін!», - деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Спорт • Бүгін, 08:14
Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс
Парламент • Бүгін, 08:12
Жоғымызды іздейтін жанашырларымыз бар
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Қазақстан • Бүгін, 08:09
Қоғам • Бүгін, 08:05
Елбасы • Бүгін, 08:04
Елбасы • Бүгін, 08:01
Мықты мәдениет – руханият қайнары
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар