Жарық дүниеге іңгәлап келген сәбидің татар дәмі бар екен. Қаңтардың суығына қалтыраған сәбидің жылаған даусын алакеуімде оянған тұрғынның бірі естіп, үйіне құшақтап әкеліпті. Дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлердің қарауына тапсырды.
Кіндігі кесілмей, тастандығына айналған сәбидің жүрек соғысы төмендесе де дәрігерлер аман алып қалды. Ал, полицейлер Батыс Қазақстан облысынан келген «көкек» ананы үш күн іздеп, ақыры қолға түсірген еді. Таяуда сотта безбүйрек ананың ісі қаралды.
–Сотталушыға ҚР Қылмыстық Кодекстің 119-бабы, 2-бөлігімен (Көмексiз қалдырылған адамның денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан қауiптi жағдайда қалдыру) айып тағылды. Айыпталушы өзінің жасаған әрекетін толық мойындап, процесуалдық келісім жасау жөнінде ұсыныс білдірді. Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.