Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Елордада санитарлық нормаларды бұзған 26 нысан жабылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап бірқатар нысан жұмысын қайта бастады: қонақүй кешендері, қоғамдық тамақтану орындары, дәмханалар, мейрамханалар (бір мезгілде келушілері 30 адамнан көп болмауы тиіс), діни құлшылық орындалары. Талап – санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада санитарлық нормаларды бұзған 26 нысан жабылды

Дәмхана, мейрамханалар мен жазғы дәмханаларда қорқор тартуға тыйым салынған, ал тәптіп бұзғанға 10 АЕК айыппұл қарастырылған. Осы орайда қаладағы «Мята» (А.Байтұрсынов көшесі) дәмханасына айыппұл салынды.

Санитарлық нормаларды бұзған 26 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Нысандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қамтамасыз етпейінше ашылмайды. 150 мекеме ескерту алды. Қатаң шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданды.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер мен эпидемиологтармен бірлесіп, күн сайын санитарлық нормаларды бұзған нысандарды анықтау бойынша рейд жүргізеді. Айта кетейік, елордада маска киіп жүру талабы әлі де өзекті. Егер қала тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаса, қалаға қатаң карантин ережесін енгізу қажет болады.