Спорт • 20 Мамыр, 2020

Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатына Қазақстан қатыса ма?

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2021 жылы Беларусь және Латвияда өтетін әлем чемпионатына қатысты телеконференция өткізіп, бірқатар шешім қабылдады. Атап айтар болсақ, ұйым Минск және Ригада өтетін ойындарға қатысты жаңа құрам жариялады деп жазады Olympic.kz. 

Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатына Қазақстан қатыса ма?

Қазақстан командасы В тобында сынға түседі. Біздің командамен бір топта АҚШ, Канада, Финляндия, Германия, Латвия, Норвегия және Италия құрамалары ойнайды. В тобының ойындары Латвия астанасы Ригада өтеді. Сондай-ақ, аталған қалада ширек финалдық екі кездесу жоспарланған. 

А тобындағы мачтар Беларусь астанасы Минскіде ойналады. Аталған топта Ресей, Швеция, Швейцария, Чехия, Словакия, Дания, Ұлыбритания және Беларусь командалары бақ сынайды. 

Айта кетелік, биыл Швейцарияда ұйымдастырылатын әлем чемпионаты коронавирус індетіне байланысты өтпей қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар