Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны кеше 6969 адамға жетті. Әйтседе «науқастардың саны жеті мыңға жетіп қалыпты-ау», деп осынау қауіпті инфекцияның қаупін сезініп, сақтанып жүрген адам аз. Бұл жағдай көңілді қайтадан алаңдата бастады.

Әрине аурудан жазылғандардың саны да сәт сайын өзгеріп, ем қонғандардың қатары күн санап көбейіп келе жатыр. Қазір осы індеттен айығып, ауруханадан шыққандардың саны 3734-ке жетті. Яғни жеті мыңнан 3734-ті шегеріп тастасақ, еңсеміздің ептеп көтеріліп қалатыны рас. Бірақ қазіргі жағдайда таразының тілі қай жағына ауатыны ел тұрғындарының тәртібіне байланысты болып тұр емес пе?
Иә, соңғы апталарда елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған жандардың өсімі әжептәуір төмендеді деген ақпарат төтенше жағдайдан бойын енді тіктей бастаған жұртты бір қуантып тастағаны анық.
Шынында коронавирус тізгінделіп, жұқтырған адамдардың саны да азайып, осы індетке байланысты өтетін брифингтер де сиреп, жұрттың назары күнделікті тіршілікке ауа бастаған еді. Екі айдан бері үйінен ұзап шықпаған халық Төтенше жағдай режімі аяқталғанымен карантиннің әлі де күшінде екенін түсіне алмай, блок бекеттерде біраз әуре-сарсаң болғаны рас. Дегенмен де бұл жағдайдың бәрі бірте-бірте қалыпқа түсіп, көп ұзамай-ақ ұмытыла бастады. Қазір блок-бекеттен ары-бері өте алатын адамдардың тізімі күн сайын кеңейтілуде.
Дегенмен де өткен аптада Шымкент қаласында бір күнде вирус жұқтырған 77 адам анықталуы адамды әрі-сәрі қылып қойғаны жасырын емес. Осыдан кейін онсыз да халық тығыз орналасқан оңтүстікте төтенше жағдай режімін аяқтап, миллион тұрғыны бар мегаполиске кіріп-шығуды жеңілдету қаншалықты оң болды деген ойдың да келіп қалғаны рас. Шынында ежелден еңбекқор оңтүстік халқы 11 мамырдан кейін қызу тіршілікке кірісіп, тәртіп пен тазалықты тіптен босаңсытып алды ма екен? Бір қуаныштысы, топан судан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай, Төлеби, Қазығұрт аудандарындағы халық осындай қысылтаяң сәтте карантин тәртібін сақтауға шамалары келмей, топ-топ болып бір-біріне көмек қолын созып жатқанда бұл індет «жау жағадан алғанда бөрі етектен алады» деп тіптен, құтырып шыға келмеді, әйтеуір. «Құдай қарасты» деген осы шығар, бәлкім.
Алматы мен елорданың да қауіпті індетке байланысты мәліметтері әлі де мәз емес. Содан болар Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова брифинг өткізіп, карантин шараларының жеңілдеуі вирустың кез келген уақытта қайта өршуіне әкеп соғатынын айтты. Бір қуаныштысы, науқастардың саны сағат сайын өсіп келе жатқанда қайбір күні екі облыста, атап айтсақ, Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысында осынау індетті жұқтырғандар мүлдем тіркелмеді.
Енді кейбір қалаларда сауда жүйелері, тамақ ішетін орындар жұмысын жалғастырып, қоғамдық көліктер жүре бастады. Дегенмен де әлеуметтік желілердегі жұрттың әңгімесінен байқағанымыз, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтаған жұрт аз. Көпшілік аста-төк дастарқан жайып, ырғын қонақ шақыруды қайта бастағандай... Тіпті автобусқа мінген жолаушылар маска киюді міндет санамайды. Міне, осылайша «Мәссаған, індетті жұқтырғандардың саны жеті мыңға жақындады, құдай өзі ақырын бере гөр» деп ішегін тартып, басын шайқайтын жандардың өзі карантиннің қарапайым ережелерін сақтамай, науқастардың санының көбеюіне жағдай жасап жүр.
Қазір жағдай сәт сайын өзгеріп жатыр. Індеттің беталысын да болжау қиын болып тұр. Еліміздің Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сәуір айының соңында «Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны мамырдың аяғына дейін 5 300-ге жетеді» деп айтқан болатын. Міне, мамырдың ортасынан енді ауған кезде науқастардың саны 7 мыңға жетейін деп қалды. Әйтеуір көңіл алаң. Тіпті алаң деудің өзі аз сияқты. Жаның шошиды.
Яғни қауіпті індеттің ендігі тізгіні тұрғындардың өз қолында деген сөз. Төтенше жағдай режімі аяқталса да карантиндік шараларды сақтау, осыған дейінгі тәртіп пен талапты сол күйінде тас қып ұстау өте маңызды екенін ел түсіне ме?
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар