Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Көкшетау туризміне коронавирустың кері әсері тиіп жатыр

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясынан туристік бизнес көп зардап шегуде. Өңірде 700-ден астам ұжым осы салада жұмыс істейді, соның бәрі індет салдарынан уақытша жабылуға мәжбүр.

Көкшетау туризміне коронавирустың кері әсері тиіп жатыр

Күні бұрын жасалған жоспарлар орындалмайтын түрі бар. Сол себепті қаржы көзі сейілді. Демалыс пен туризм индустриясы – экономика саласының ең басты тетіктерінің бірі. Облыс жыл сайын осы саладан 6 миллиард теңгеден астам кіріс тауып келген. Жазғы мезгілге дайындалатын 2 ай, яғни, сәуір мен мамыр айлары тұяқ қыбырлатуға мүмкіндік бермеді. 

– Туристік сала көп зардап шекті. Алайда, денсаулық қауіпсіздігі бірінші орында.  Мамыр айындағы Қазақстан-Ресей инфотуры өтпей қалды. Бұл Ресеймен бірігіп атқарылар басты шаралардың бірі еді. Біздің туристердің 30 проценті осы елден келеді, - дейді облыстық туризм және демалыс қауымдастығының төрағасы Шынарбек Батырханов.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің мәлімдеуіне қарағанда, 25 мамырға дейін өңір ахуалы жіті бақылауға алынған. Егер індет сейілсе, туризм нысандары ашыла бастайды. Оның өзінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс.

Қауіпсіздік талаптарын барынша сақтау бөлек мәселе дейді қонақ үй қызметкерлері. Бүгінгі күні олар табыс көзі мен баға саясатына қаншалықты әсер ететіндігі жайлы толғаныс үстінде. Сондықтан мемлекет тарапынан туризм саласына қандай да бір қолдау боларына үмітті.