«Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясында жыл сайын Тіл айлығы өткізіледі. Биыл да осы дәстүрге сай – «Тіл тұғыры – телекоммуникация ғұмыры» тақырыбындағы айлық өте сәтті болды.

Айлықтың ашылуы www.mytelecom.kz порталында басталды. Ай бойына түрлі іс-шаралар жоспарланды. Соған сәйкес, филиал қызметкерлері арасында «Домбыра-party», айтыс өтті. Қызметкерлердің балаларына арналып ұйымдастырылған «Бала тілі – бал» жарысы табиғат аясында өрбіді Одан кейінгі іс-шара бірнеше байқаулардан тұрды. Жаңа терминдерді жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау байқауы, әнжұмбақ (түрлі ұлттар мен халықтардың белгілі әндерін берілген суреттерге қарап анықтау), «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне негізделген ең ұтымды жарнама байқаулары «ИКТА» дирекциясының конференц-залында жоғары деңгеймен ұласты. Сөйтіп үлкен де, кіші де өнеге танытты. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясында ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде «ИКТАД ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу үздігі» байқауы болады. Байқаудың қорытындысы айлықтың жабылу салтанатына жалғасады.
«Егемен-ақпарат».