Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Алматыға төмен бағамен жоғары сапалы ет өнімін жеткізу басталды

677 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Бұл, Алматы қаласының әкімдігі мен «Асыл Ет» сауда белгісі бар MPS (Meat Processing and Services) қазақстан компаниясының арасында жасалған екі жақты меморандумның арқасында мүмкін болып отыр», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыға төмен бағамен жоғары сапалы ет өнімін жеткізу басталды

Қала дүкендерінде аталған өнім белгіленген баға бойынша сатылады. Өлшеніп оралған еттің (сиыр еті) 1 келісінің бағасы 1950 теңгені (төс-жауырын бөлігі: МСК, қабырғалар, төс еті) құрайды.
Бағаның төмендігі өнімді жергілікті өндірушінің өзі өндіретініне, сондай-ақ делдалдар тізбегінің болмауына негізделіп түсіндіріледі. Бұл ретте, дүкендердің үстеме бағасының шегі жай кездегі 15%-ға қарағанда, бар-жоғы 7%-ды ғана құрайды.

«Соңғы 2 айдың ішінде, біз қала бойынша, оның ішінде, жергілікті ауылшаруашылығы өндірушілерімен өзара тығыз байланыста болуымыздың және олардың қол жетімді бағамен ұсынатын өнімінің арқасында сиыр етіне қойылатын бағалардың төмендегенін атап өтеміз. Біз өнімді тікелей жеткізуге және, өз кезегінде, оларды барынша қолдауға дайынбыз», – деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Қазіргі уақытта, осы сиыр еті қаланың 150 дүкенінде сатылуда. Жылдың соңына дейін олардың санын 1000-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Барлық өнім жан-жақты бақылаудан өтеді және «Халал» стандартын қоса алғанда, халықаралық және экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
«Біз өзіміз фермерлерміз, малды өзіміз соямыз, өлшеп-ораймыз және «егіннен сөрелерге дейін» тұжырымдамасын нақты түрде іске асыра отырып, дүкен сөрелеріне дейін жеткіземіз, бұл бізге барлық сатыларда өнімнің сапасын бақылауға және сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді» деп атап өтті MPS ЖШС сату жөніндегі директоры Виктор Бегун.

1

Етті қайта өңдейтін «Асыл ет» кешені Алматы қаласынан 30 км жерде (Қошмамбет ауылы), Алматы облысының экологиялық таза – Кеген және Қарасай аудандарында орналасқан. Кәсіпорын, оның ішінде, жем беру алаңы халықаралық стандарттарға сәйкес салынды. Малды сою, барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, жоғары технологиялық заманауи, автоматтандырылған зауытта жүзеге асырылады. Бұдан басқа, кәсіпорында тұтынушылардың ауру жұқтыру тәуекелдерін барынша төмендететін малды және етті тексеруге арналған жеке аккредиттелген зертхана бар.