Кеңестік кезеңде қызыл туды бірнеше дүркін жеңіп алып, есімі қошемет-құрметтің биігінен түспеген мақтаулы ауданның бірі еді Бейнеу. Бала кезіміз сол кезеңге сәйкес келгендіктен, «бізде бәрі жақсы, бәрі бар», деп мақтанатын сәби көңіл. Сөйтсек, қол жеткеннен жетпеген көп екен, өте көп...

Кеңестік кезеңде қызыл туды бірнеше дүркін жеңіп алып, есімі қошемет-құрметтің биігінен түспеген мақтаулы ауданның бірі еді Бейнеу. Бала кезіміз сол кезеңге сәйкес келгендіктен, «бізде бәрі жақсы, бәрі бар», деп мақтанатын сәби көңіл. Сөйтсек, қол жеткеннен жетпеген көп екен, өте көп...
Негізгі тіні ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы болғандықтан шалғай шетке шашырай қоныстанған мал баққан ауылдар былай тұрсын, олардың ферма бөлімшелерін кеңшар, аудан орталықтарымен жалғайтын дені дұрыс жол да болған емес. Сонау 70-жылдары аудан орталығы Бейнеуден 80 шақырымдай қашықтықта күншығыс бетте орналасқан Тұрыш ауылының тұрғыны, қазір марқұм болған қарт асып-тасқан бір шағында «мына жерден былай қарай темір жол салынады екен» деген әңгімені өзі шығарып, таратып жіберіпті. Қиялындағы жол жобасын көрсету үшін Бейнеуді көрсете сілтенген қолы өз алдын көлденең кесіп өтіп, Шалқар бетке қарай құлаштай бағыттайды екен. Сол кезде бір дүрлігіп басылып, кейін күлкіге қарық болған ел қазір Қонекең қарт сөзінің айна-қатесіз келгендігін айтып жадырауда. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей, заманның лебі өзгерді, тәуелсіздік таңы атты. Ол кезеңнің азаматтарының қатары сиреді. Бірақ, әлгіндей аңсар, арзу арман оңғарылды. Расында, өткен жылы «тоғыз жолдың торабы» атанған Бейнеуден Жезқазғанға қарай темір жол құрылысы басталды. Кемелденген сол бір кезеңдерде осы маңнан темір жол салу туралы әңгіме де болмаған болса, тәуелсіздігін алып, өз қам-қарекетіне кіріскен еліміздің алып жобаларының бірі – осы. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы, Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин аудандары, Қызылорда облысының Арал ауданы мен Қарағанды облысының Ұлытау аудандары арқылы, жолай бірнеше кенттердің үстінен өтетін жол құрылысы осы өңірлерге серпіліс әкеліп, талай ауылдың инфрақұрылымын бір көтеріп тастайды деуге болады. 988 шақырым қашықтыққа созылатын темір жол құрылысының құны 502,2 млрд. теңге тұрады екен. Қазір құрылыс жұмыстарына 11 мыңнан астам адам атсалысу үстінде болса, нысан пайдалануға берілген соң 3 мың адамның тұрақты жұмыс орнына айналады.
Кезінде тері-терсек, жүн-жұрқа, шай, жібек, шұға, қалы кілем, өзге де тіршілікке, тұрмысқа қажетті мүліктерді әрі-бері тасымалдап, өзара айырбастап сауда көрігін қыздырған көне сүрлеу ізі заманға сай жаңғырмақ. Қытай – Баку – Ақтау порты Грузия – Түркия – Еуропа мемлекеттерін жалғайтын транзиттік жолдың бір тармағы саналатын аталмыш жол іске қосылған соң жылына шамамен 21,3 млн. тонна жүк өткізіп, Қытайдан Еуропа елдері порттарына дейінгі тасымал мерзімін 40 күннен 12 күнге дейін қысқартады. Мамандардың айтуынша, Ақтау теңіз порты арқылы батыс өңір мен Азия елдері арасындағы қашықтықты 1200-ге жуық шақырымға қысқартып, Қытай, Кавказ және Еуропада тасымалданатын жүк көлемін 30-дан 50 пайызға дейін арттырады екен. Бұл өткізгіштік пен жеделдік еліміздің экономикалық дамуына қаншалықты оң әсер ететіні айтпаса да түсінікті.
Халқымыз зор үміт күткен жолдың құрылысы қазір қызу жүріп жатыр. Кеңшарлардың мыңғырған малына мекен болған кешегі қыж-қыж қайнаған дәурені бастан озып, жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіген даладан қайтадан тіршілік лебі есті. Бейнеу – Шалқар арасы 500 шақырымға созылса, екі тараптың түйісер нүктесі – Тассай Бейнеуге дейін 274 шақырым. Осы екі аралықтағы жұмыстар үшін 108 млрд. теңге қаржы қаралып, 10 мердігер мекеме 100 шамалы техникасы мен 1000-нан астам жұмысшысын жұмылдырған. Темір жол құрылысына қажетті бұйымдарға түгелге дерлік отандық өнімдердің қолданылуы да біраз жаңалықты, әлеуметтік ахуалымыздың шамасын аңғартады.
Бұған дейін Маңғыстау өңірінде «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» теміржолы құрылысын салып біраз тәжірибе жинақтаған «Темір жол жөндеу» ЖШС бас мердігерлік тізгінді өз қолына алған. Алтай, Теректі, Ноғайты, Сарша, Жарқұм, Тоқсанбай, Сәңкібай, Сағыр разъездері мен Сам, Тұрыш, Құрсай, Тассай стансалары құрылмақ. Сондай-ақ, Бейнеу мен Шалқа