Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссияның және заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиында Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов биылғы жылы өңірде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегенін жеткізді.

Осы жылдың алғашқы 4 айының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33 пайызға кеміген. Соның ішінде ұрлық, тонау және зорлау көрсеткіші азайған. Сондай-ақ жол-көлік оқиғалары мен одан зардап шегушілердің саны да төмендеген. Сонымен қатар ол әсіресе ұрлық фактілерін ашуға ерекше назар аударылып отырғанын айтты. Соңғы уақытта қылмыстың бұл түрін ашу оң жолға қойыла бастаған. Жедел алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлері телефон кабельдерін ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты анықтаған болса, өткен жылы мал ұрлығымен айналысып келген 15 қылмыстық топтың жолы кесілген. Нәтижесінде 500-ден астам мал иелеріне қайтарылған. Ал, ағымдағы жылдың 4 айында ұрлыққа қатысты 10 қылмыстық топ анықталған.
Сондай-ақ полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар жүргізуде. Алайда жалпы оң көрсеткіштермен бірге облыс аумағында қоғамдық резонанс тудырған аса ауыр қылмыстар да орын алған. Бұл ретте Бердібек Сапарбаев полиция қызметіндегі бірқатар маңызды бағыттар бойынша жұмыстардың жүйеленбегенін атап өтті.
«Біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі – адамдардың қауіпсіздігі. Өкінішке қарай, құқық қорғау органдарының жұмысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірқатар ұстаным бойынша елеулі кемшіліктер бар. Олардың кейбір тиісті бөлімшелері өз міндеттерін орындай алмай отыр. Мәселен, ювеналды полиция, мектеп инспекторларының жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Өзінің күнделікті қызметінде құқық қорғау органдары көмекке үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамның белсенді өкілдерін тарта отырып, әрекет ету керек. Әйтпесе, әрбір үйдің тұсына полиция қызметкерлерін қойып қою мүмкін емес. Осындай өзара ынтымақтастық аясында жұмыс істеу қалалар мен ауылдардың мәдени және эстетикалық келбетіне нұқсан келтіретін ұрылар мен қылмыскерлерді анықтауда да оң нәтиже берер еді», - деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ жиында жол қауіпсіздігі мәселесі де айтылды. Кемшіліктердің басым бөлігінің қалалық билік пен жергілікті полиция қызметі тарапынан орын алып отырғандығы да ескертілді. Сондай-ақ «Тараз – қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарының және облыс орталығындағы қылмыс деңгейін төмендету мақсатында облыс прокуратурасымен әзірлеген «Taraz city» мобильді қосымшасының жобасы талқыланды. Аталған жобалар Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде тұрғындардың өз шағымдары мен сұрақтарына дер кезінде жауап алуына, қала өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Жиында Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сматовтың мәлімдеуінше, өткен жылы облыс аумағында жасалған әрбір 10 қылмыстың алтауы Тараз қаласына тиесілі екен. Соған сәйкес, қылмыс салдарынан келтірілген залалдың 70 пайызы облыс орталығына қатысты. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2435 қала тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және есірткі қылмысы бойынша Тараз республиканың басқа қалалары арасында алдыңғы қатарда. Сондай-ақ қаланың 7 мыңға жуық тұрғыны маскүнемдер мен нашақорлар ретінде арнайы тіркеуге алынған. «Тараз – қауіпсіз қала» жобасын әзірлеушілер оны іске асыру қаладағы моральдық-адамгершілік ахуалды жақсартып, қылмыстық көріністерді барынша азайтуға көмектесетінін айтады. Сондықтан да жиынға қатысушылар ұсынылған жобаны құптады.
Жиында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров барлық құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдар шектеу шаралары кезінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етуге және күнделікті тіршілікті қалыптастырудың келесі кезеңдеріне бағытталуы тиіс екендігін атап өтті. Ал, Бердібек Сапарбаев жастарды қоғамдық пайдалы іс-шараларға белсенді түрде тарту керектігіне тоқталды. «Біз жастардың салауатты өмір салтын ұстануын, білімге ұмтылуын, өздерінің біліктілігі мен мәдениеттілігін арттыруын, қылмыстық әрекеттерге немесе жаман әдеттерге бой ұрмауын қамтамасыз етуіміз керек», деді Бердібек Сапарбаев.
Жамбыл облысы
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар