28 Қыркүйек, 2013

Елдіктің, егемендіктің белгісі

884 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

IMG 7495Үлкен диқан – Алматы қаласынан да, облыс орталығы – Талдықорғаннан да шалғайда, мемлекеттік шекарамызға жақын орналасқан ауыл. Үлкен диқан – жоғары жаққа алақан жайып, көмек-қолдау сұрамай-ақ өздерінің бар шаруаларын хал-қадерінше реттеу арқылы тіршілік жасап келе жатқан елді мекен. Бұл ауылға жоғары-төменгі сатыдағы, дәлірек айтқанда, үлкенді-кішілі деңгейдегі шенеуніктер атбасын өте сирек бұрады. Тіпті, келмейді десе де болады.

Үлкен диқан – Алматы қаласынан да, облыс орталығы – Талдықорғаннан да шалғайда, мемлекеттік шекарамызға жақын орналасқан ауыл. Үлкен диқан – жоғары жаққа алақан жайып, көмек-қолдау сұрамай-ақ өздерінің бар шаруаларын хал-қадерінше реттеу арқылы тіршілік жасап келе жатқан елді мекен. Бұл ауылға жоғары-төменгі сатыдағы, дәлірек айтқанда, үлкенді-кішілі деңгейдегі шенеуніктер атбасын өте сирек бұрады. Тіпті, келмейді десе де болады.

IMG 7495

IMG 3553Осыдан бірер апта бұрын ауыз­біршілігі мығым, ынтымағы жарасқан осы Үлкен диқан ауылында көпшілікке үлгі болатын, болашақ ұрпақ ұмытпай айта жүретін ерекше бір игілікті шараның куәсі болдық. Ол – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, сұрапыл соғыста хабарсыз кеткен және одан кейінгі жылдары өмірден озған соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлерінің аты-жөндері мәрмәр тасқа ойылып жазылған еңселі ескерткіштің салтанатты жағдайда ашылуы еді. Өткен ғасыр кезеңдерінен суыртпақтап сыр шертетін, сол жыл­дардың қиындығымен қоса, еселенген еңбек дүбірін көз алдымызға елестететін ескерткіште 469 адамның есімі жазылған екен.

Ескерткіштің ашылу рәсімі аяқталып, қаумалаған жұрт сәл саябырлаған соң, ескерткіштегі ата-апаларымыздың, аға-әпкелеріміздің аты-жөндерін асықпай қарап шықтық. Барлығы дерлік өзімізге бала кезден таныс есімдер. Заманбек Батталханов – соғыс ардагері, кезінде Алматы облысының бірнеше ауданына басшылық жасаған, мемлекет және қоғам қайраткері. Әубәкір Сабиров соғыста көрсеткен ерліктері үшін бірнеше орден-медальдармен наградталған ержүрек барлаушы. Мөрдін Тайыпов – соғыс ардагері және еңбек ардагері. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кісіге Халық Қаһарманы жоғары атағы бе­рілді. Мырқасым Оразалиев, Ва­жит Тавакилов – майданнан жеңіспен оралғаннан ке­йін ұзақ жылдар бойы мұғалім болып, шә­кірттер тәрбиелеген ұлағатты ұстаздар еді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың же­ңіспен аяқталғанына 68 жылдан асты. Жеңісті жақындатуға Үлкен диқан ауылынан майданға аттанған 144 азамат та өзіндік үлес қосты. Осы ағаларымыздың басым көпшілігі отан қорғау жолында мерт болып, туған жеріне оралмады. Оларға туған елдің, туған жердің топырағы бұйырмады. Осы ескерткіш, біріншіден, сол азаматтардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін тұрғызылып отыр дегеніміз жөн шығар.

– Бұл бір игілікті де сауапты іс болды, балам, – деді соғыс және еңбек ардагері Әбдуәлі Қырықбаев бізбен әңгімесінде. – Ескерткіште аты-жөндері жазылған ауылдастарымның барлығын білемін. Біразымен кезінде егін де ордық, шөп те шаптық, жер де жырттық. Ең алдымен, бұл біздің жастарымыз үшін, болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатыны анық. Осының барлығы ауызбірліктің, ынтымақтың арқасында жүзеге асып отыр. Алла тағала бізді содан ажыратпасын.

Ескерткіште есімдері жазылған 469 адамның 325-і соғыс кезінде тылда және одан кейінгі жылдары шаруашылықтың әр саласында еңбек еткен жандар екен. Мысалы, Сәлім Шормақовты алайық. Сәлім аға жастайынан шопанның ақ таяғын қолына ұстап, 40 жылдан ас­там уақыт мал бақты, мемлекет дәуле­тін арттыруға зор үлес қосты. Сол еңбек­қорлығының арқасында бес орденді омырауына тақты. Бірнеше рет партия съездеріне делегат болып сайланды, депутат ретінде талай мәрте халық сенімін арқалады. Ол кісі ең жоғары наградаға әбден лайық еді. Неге екені белгісіз, Сәлім Шормақовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілмеді.

Ескерткіштегі адамдар аты-жөндерін оқып келе жатқанда, «Жылыбаева Бибиша» деген тастағы жазу көзімізге оттай басылғанын жасыра алмаймыз. Өйткені, студент кезімізде Бибиша апа­мыздың өмір жолы, еңбек жолы жөнінде жазған суреттеме тектес мақаламыз Алматы облыстық «Жетісу» газетінде жарияланған еді. Бибиша апа ұзақ жылдар бойы қолынан кетпенін, ая

Соңғы жаңалықтар