«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік бес басым бағыты». Осындай атаумен оқу орнында республикалық онлайн семинар өтті. Бұл туралы ҚызПУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.

Университет ұжымы мен студенттері және биылғы мектеп бітіруші түлектер қатысқан жиында әлемдегі бірегей білім ордасының өзіндік ерекшеліктері, ҚызПУ-дың 75 жылдық төл тарихындағы қол жеткен елеулі табыстары мен бүгінде жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.
Жиынды Қыздар университетінің қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу жөніндегі үйлестірушісі Әліби Несіпбаев ашып, шараның мәні мен маңызына тоқталды.
– Семинардың басты мақсаты –«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді нақты іске асыру. Қазіргі күнде әлемде тек қана қыздар білім алатын жоғары оқу орындары саусақпен санарлықтай. Осы орайда университет өзінің бірегейлігімен «Қыздар университеті» деген брендін қалыптастырды. Біздің көздегеніміз – осы уақытқа дейін қол жеткізген табыстарды еселей түсу, қазыналы қарашаңырақты шыққан биігінен түсірмеу.Халқымызда «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең – қызыңды тәрбиеле» деген ұлағатты сөз бар. Университет ұжымы өз қызметінде осы ұстанымды басты бағдар ретінде ұстанады. Бұл – ізгілікке негізделген қоғам құрудың бастауы деп түсінеміз, – деді Әліби Несіпбаев.
Сондай-ақ басқосуда оқу орнының Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова сөз сөйлеп, университеттің парасатқа толы тарихына, жүріп өткен жолына шолу жасады.
– Білім ордасының ашылуына Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Ілияс Омаров, Нұртас Оңдасынов, Ғабит Мүсірепов сынды ұлт зиялылары ұйытқы болып, қолдау көрсетті. Халқымыздың дарабоз перзенттері оқу орнының одан әрмен дамуына мұрындық болды. Өткенге шегініс жасайтын болсақ, Қыздар университетіне қазақтың даңқты ғалымдары басшылық жасап, оқу орнының дамуында өз қолтаңбаларын қалдырғанын бағамдаймыз. Бұл білім ордасы көптеген түлектер үшін альма-матер. Осы уақыт аралығында оқу орнын мыңдаған білікті педагогтар, тарихшылар, мәдениет саласының қызметкерлері мен тіл мамандары бітірді. Бүгінде киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар Отанымыздың дамуы жолында жемісті қызмет атқаруда, –деп атап өтті Жаңагүл Сұлтанова өз сөзінде.
Шара барысында Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Дильяра Надирханова «Қыздар университеті студентінің бір күні», «Ұлпан» асханасының директоры Үміт Жүнісалиева «Аптасына 7 күн, күніне 3 мезгіл», Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Мақсұтқан Шыныбаев «Университеттің спорт клубтары», «Сән әлемі» орталығының жетекшісі Ұлжан Алашабаева «Стиль сәнге қарағанда маңызды» және Студенттер үйінің студенттік кеңес мүшесі Гүлбану Диханбаева «Университет жатақханаларының тыныс-тіршілігі» тақырыптарында танымдық ақпараттарымен бөлісіп, осы бағыттарда кеңінен мәліметтер берді.
Айта кетейік, Қыздар университеті бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім бағдарламалары бойынша педагог кадрларын даярлайды. Бүгінде оқу орнында 400-ге жуық жоғары санатты профессор-оқытушы қызмет атқарады. Олардың басым бөлігін білікті ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, PhD докторлары мен магистрлер құрайды.
Арулар ордасы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тиесілі 7 жатақхана бар. Оқу орны қалашағында орналасқан жатақханалар жанға жайлы әрі қолайлы. Онда фитнес залдары, сұлулық салондары, оқу залдары, кір жуатын бөлмелер мен ғаламтор желісіне қосылған компьютер сыныптары бар.Заманауи үлгідегі жатақханаларда студенттің алаңсыз сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасалған.
Университеттің даңқы тек білім мен ғылымда ғана емес, сондай-ақ түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда да жиі шығып келеді. Қазіргі таңда оқу орнының баскетбол, волейбол, шағын футбол құрама командалары көптеген халықаралық, республикалық турнирлерде үздіктер қатарында, көш басында.
ҚызПУ-да студенттерді үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ететін «Ұлпан» асханасы, «Аққу» бассейні, спорт кешендері, заманауи құралдармен жабдықталған зертханалар мен дәрісханалар бар.
АЛМАТЫ
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 17:29
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • Бүгін, 17:25
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 17:21
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Бүгін, 17:20
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 17:20
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Бүгін, 17:17
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Бүгін, 17:03
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 16:59
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • Бүгін, 16:56
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • Бүгін, 16:52
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ұқсас жаңалықтар