Елорда • 21 Мамыр, 2020

«Қазмедиа орталығында» 2 адамнан коронавирус анықталды

1003 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-20 мамыр аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы телеарнаның 200-ге жуық қызметкері Covid-19-ға тексерілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазмедиа орталығында» 2 адамнан коронавирус анықталды

«Еуразия» арнасының 2 қызметкерінен коронавирус анықталды. Олар стационарда. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды. Арна басшылығы қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруі қажет» делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар 22 мамыр мен 7 маусым аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратына кіріп-шығуға шектеу қойылады.

Барлық санитарлық нормалардың қатаң сақталуы қажет екендігі ескертілді. Медициналық масқа киіп, қолды антисептикпен өңдеу, адамдармен арақашықтықты сақтау маңызды. Дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үйде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу керек.

Соңғы жаңалықтар