28 Қыркүйек, 2013

Баянды болашақ құжаты

332 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс ХVI конференциясы өткізілді. Оған Парламент депутаттары, барлық бастауыш ұйымдардан сайланған 177 делегаттың 162-сі, партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

 

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс ХVI конференциясы өткізілді. Оған Парламент депутаттары, барлық бастауыш ұйымдардан сайланған 177 делегаттың 162-сі, партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Конференцияда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Асқар Ға­бидуллин «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» ХДП жаңа міндеттері және партияның «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында!» саяси жобасы туралы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол Саяси доктринаның басым бағыттарын тарата әңгімелей келіп, партияның ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты байламды ойларын ортаға салды.

– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа сая­си бағытына байланыс­ты барлық жос­парларымыз бен міндеттерімізді елді 2050 жылға дейін дамытудың стратегиясы басты қағидаларымен сәйкестендіруіміз қажет. Бұл – басты даму жолымыз және бо­ла­шақтағы жетістіктеріміздің кепілі. Дамудың ұзақ мерзім­ді бағыт-бағдары мен жалпы­ұлт­тық жетістіктердің стратегия­лық көрінісін әзірлеуге деген объективті тарихи сұраныс­ты «Нұр Отан» партиясы ғана сабақтастыруда. Ел азаматта­ры­ның өмірін сапалы жақсартуға ұмтылыс, оны қоғамның бір­лес­кен күш-жігерімен және әлеу­меттік келеңсіздіктерсіз қам­тамасыз етуге дайын болу – партия Доктринасының арқауы мен өзегі болып табылады, – деді Асқар Ға­бидуллин.

Конференцияда сөз алған Пар­ламент Сенатының депута­ты, «Нұр Отан» ХДП Саяси ке­ңе­сінің мүшесі Сергей Громов бар­лық басымдығымыздың өзегі мемлекетіміздің тәуелсіздігі, еліміздің егемендігі дегенді ал­ға тарта отырып, партияның Саяси доктринасының осы құн­ды­лықтарымызды нығайтуға ба­ғытталғанын атап өтті. Ал Пар­ламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы­ жетекшісінің орынбасары Ерген Дошаев Саяси доктринаны да­му­дың жаңа көкжиектерін ашқан, партияның идеялық-дүниета­ным­дық және құндылықты бағ­дарларын анықтаған баянды құ­жат ретінде бағалады.

Басқа сөйлегендер де Саяси доктринадан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жайына жан-жақты тоқталды.

Конференцияда алда болатын «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХV съезіне делегат болып 58 ақтөбелік сайланды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар