Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

Б. Сағынтаев алматылықтарды санитарлық қауіпсіздікті сақтауға шақырды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жетісу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Б.Сағынтаев тұрғындарға карантин ережелерін сақтауды ұсынды.

Б. Сағынтаев алматылықтарды санитарлық қауіпсіздікті сақтауға шақырды

Жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жүргізіліп жатқан нысандардың біріне барған кезінде аудан тұрғындары қала әкіміне инфрақұрылымды жақсарту бойынша өз тілектерін білдірді. Алайда олардың кейбірі медициналық маскасыз болды.

Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус бойынша карантин әлі алынбағанын, жұқтыру қаупі бар екендігін еске салды.

«Медициналық маскаларды кию керек, сонымен қатар көшеде, дүкенде немесе дәріханада әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Сіздің өзіңіздің және жақындарыңыздың саулығы осыған байланысты. Сондықтан жауапкершілік таныту керек», - деді Б.Сағынтаев қала тұрғындарына.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жөндеу жүргізіліп жатқан балабақшаны аралап көрді. Ол балабақша әлі ашылмай тұрып балалардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмін дайындауды тапсырды.

«Біз балаларды ауру қаупінен сақтауымыз керек», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Қақпадан бастап жатын бөлмелеріне дейін барлығын қарастыру қажет. Ата-аналар мен балалар әлеуметтік қашықтықты, үстелдерді, кереуеттерді де қауіпсіз қашықтықта сақтауы тиіс. Кіреберістер дезинфекцияланып, термометрия қамтамасыз етілуі керек.