Еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысына қатысты.
Еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысына қатысты.
Форум жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның жоғары қадағалау органдарының басшылары, сонымен қатар, ШЫҰ Хатшылығының және Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібінің өзекті тақырыптары талқыланды. Атап айтқанда, шекаралас экономикалық қылмысқа, соның ішінде заңсыз жолмен келген кірісті жылыстату және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы күресте құқықтық көмек көрсету мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысында хаттама қабылданды, онда прокурорлар келешекте де іс жүзіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, трансұлттық қылмысқа қарсы күресте тиімді және үйлесімді саясатты жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.
Осы форум аясында Қазақстанның Бас прокуроры Беларусь, Қырғыз, Тәжікстанның бас прокурорларымен, сонымен қатар, Қытай, Ресей, Әзербайжан және Украинаның өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесу барысында қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы сөз болды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.