28 Қыркүйек, 2013

Төраға елшімен кездесті

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Люксембург Ұлы Герцогтігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Пьер Феррингті қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Люксембург Ұлы Герцогтігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Пьер Феррингті қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Люксембург арасындағы әріптестікке қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Палата Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстан Президенті мен Ұлы Герцогтіктің жетекшісі арасындағы қол жеткізілген келісімдер қос ел қарым-қатынасының тұрақты дамуына негіз қалап отыр. Сонымен қатар, Н.Нығматулин люксембургтік жаңа технологиялар мен инновацияларды энергетика мен медицина салаларында тиімді пайдалану екі ел ынтымақтастығының әлеуетін күшейте түсетінін айтып өтті. Әсіресе, оның Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі қарсаңында маңыздылығы арта түспек.  

Тараптар парламентаралық әріптестікті нығайту мүмкіндік­те­рін де назардан тыс қалдыр­мады.

Мәжіліс Төрағасы депутат­тық корпустың барлық күш-жі­гері Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында жүктелген мін­деттерді заңнамалық қам­та­масыз етуге бағытталатынын атап өтті.

Мәртебелі мейман өз кезегінде Қазақстанның соңғы уақыттардағы қарқынды дамуын тілге тиек ете отырып, Люксембургтің барлық салада әріптестікті кеңейтуге және парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ынталы екенін жеткізді. Ал халықаралық мәселелерге келгенде, кездесу иелері барлық мемлекеттердің халықаралық лаңкестік пен басқа да жаһандық қатерлерге қарсы күш біріктіруі жөнінде әңгіме өрбітті.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Люксембургтің Ауғанстан қауіпсіздігіне байланысты­ халық­аралық күш-жігерге қолдау көрсету аясында да өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынас одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар