Наубайхана шалғайдағы ауылдармен қатар көршілес Атбасар, Зеренді аудандарына да өнімдерін жөнелтеді. Шағын кәсіпорында 21 адам жұмыс істейді. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің бірнеше түрі дүкен сөрелеріне жіберіледі. Ұн да өз өнімі. Сандықтаудағы диірменде үгіледі.
–Яғни, барлық процесс өзімізде өтеді. Біздің нан аймақта жақсы бағаланады. Диірменнен өңделген ұнды Нұр-Сұлтан, Щучинск, Павлодар және тағы басқа қалаларға жібереміз. Олар қосымша жақсартқыш ретінде қолданады,–дейді кәсіпкер Атлан Дохаев.
Тұтынушыларға сапалы өнім ұсыну басты қағидамыз дейді наубайханашылар. Шағын кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жалпы астықты өлке саналатын облыста нан пісіретін 187 кәсіпорын бар. Көкшетаудың өзінде 6 наубайхана жұмыс істеп тұр.
Ақмола облысы