Туризм • 21 Мамыр, 2020

Туристік инфрақұрылым объектілері табиғи ландшафтпен үйлесуі тиіс

1160 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Екі айға жуық карантин уақытында отандастарымыздың бүгінгі жағдайдың өзгеруін қалап, келешектегі жаңа саяхаттар туралы ойланғаны анық. Алайда, шалғайдағы мемлекеттер осы жазда қол жетімсіз болмақ, сондықтан да ішкі туризмге деген сұраныс күтілуде. Бұл салада орасан жұмыстар атқарылуы қажет екені белгілі, олар – сервисті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жаңа табиғи аумақтарды игеру.

Табиғатқа зиян келтірмеу үшін осы міндеттерді сауатты және жауапты іске асыру туралы біз ұзақ уақыт бойы әйгілі дат сәулетшісі Ян Гейл құрған Gehl Architects консалтингтік компаниясының жетекшісі қызметінде болған, сәулет және урбанистика жөніндегі итальяндық сарапшы Рикардо Маринимен әңгімелестік. Маман жайлы қала ортасын құру жөнінде Алматы қаласының басшылығына кеңес берумен айналысады. Сөзінше, қазіргі заманғы түсінікте жайлы орта қала шекарасында аяқталмауы керек, қала маңындағы және қоршаған табиғи аймақтарды да қамтуы тиіс.

Туристік инфрақұрылым объектілері табиғи ландшафтпен үйлесуі тиіс

- Сіздің компанияңыз біздің елімізде жайлы қала ортасын құру жөніндегі өз шешімдерімен танымал. Дегенмен, сіз қорғалатын табиғи аумақтардағы инфрақұрылымдық жобалармен де айналысасыз. Мұндай жобалардың ерекшелігі неде?

- Менің Ұлыбританиядағы Loch Lomond & The Trossachs ұлттық паркімен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі бар, біз оның инфрақұрылымын дамыту жөнінде кеңес бердік. Мұндай жобаларда ұлттық парктерді реттейтін ережелерді түсіну маңызды. Loch Lomond & The Trossachs жағдайында мұндай ережелер жағымсыз араласудан табиғатты қорғайды және флора мен фаунаның еркін өсіп, дамуына мүмкіндік береді. Бұл ережелер орынды екенін дәлелденсе және белгілі бір аймақтарға ғана әсері анықталса құрылысқа тыйым салмайды.  

Мұндай жобаларда табиғи контекстпен келісілетін немесе оны ерекшелейтін сәулет шешімін табу маңызды. Менің міндетім – тұрғын үй ғимараттарын жобалау және негізгі челленджім архитектураның табиғатпен тығыз байланысын құру, бірақ ландшафтқа әсерін азайту болды. Қосымша қиындықтар да орын алды, олар – парк аумағын автомобильдермен ластамай, ғимараттарға жетуге болатындай инфрақұрылымды ойластыру. Осындай аймақтарда құрылыс кезінде табиғатқа басты зейін қою қажет, сәулет өзіне назарды аудармауы тиіс. Кез келген араласу табиғи сұлулықты толықтырытандай нәзік және талғампаз күйде болуы шарт.

- Мұндай жобалар әдеттегі қалалық инфрақұрылымды жобалаудан немен ерекшеленеді?

- Кез келген жақсы сәулет контексті терең түсінуді талап етеді. Ең басты міндет – сізге қоятын мәселені ұғыну.

 Экологиялық тұрғыда сезімтал аймақтарға араласпас бұрын, аумақты, оның мәдениеті мен құндылықтарын терең зерттеу маңызды. Әзірленген сәулеттік шешім табиғи құндылықтарға қауіп төндірмеуі, адамдар үшін ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Сөз жоқ, қиын міндет, алайда қиындықтар оны қызықты етеді.

 - Сіздің ойыңызша, туристік инфрақұрылым объектілері табиғи ландшафтпен қаншалықты үйлесуі тиіс?

 Мұнда тек ландшафтпен үйлесім ғана емес, органикалық сипатта кірігу мен табиғи ерекшеліктерді шебер пайдалану мәселесі жатыр. «Неғұрлым аз болса, соғұрлым ұтымдырақ» - осы қанатты сөзді еңбекте басшылыққа алуға негіз бар.

 Қорғалатын табиғи аймаққа араласу туралы әңгіме болғанда, басты мәселелердің бірі – сәулет нысандарының дұрыс орналасуы. Табиғи ландшафтты не құрайтынын түсіну, жел ағындары мен өзен ағысын жете білу, жалпы пейзажға назар аудару маңызды. Ғимарат пейзажды бұзбауы қажет, керісінше безендіруі тиіс. Жақсы архитектура осыны іске асыруға қабілетті деп сенемін.

 Өзге де маңызды мәселелер – материалдарды таңдау, құрылыстың бекітілген нормативтері және тұрақты сәулет қағидаттарына сәйкестік. Ұлттық парк аумағында салынған ғимарат нөлдік көрсеткішке жақын көміртек ізін өндіруі тиіс. Құрылыс кезінде де, одан кейін де флора мен фаунаға әсерді азайту қажет. Материалдарды мүмкіндігінше ландшафтпен үйлестіре таңдау қажет, тіпті жергілікті өнімдерді қолданған абзал.

 - Сіз Қазақстанда бірнеше рет болдыңыз, Алматы мен оның төңірегінің, Іле Алатауының көркем пейзаждарымен таныссыз. Сіздің ойыңызша, осы аймақтың қандай табиғи ерекшеліктерін туристік жерлерде салынған ғимараттардың архитектурасында көрсетуге болады?

 - Ұлттық саябақтың құрылысы кезінде бірінші орында ұлттық парк және оның табиғаты болуы тиіс. Өз ойымды мұражайды жобалау мысалында түсіндіргім келеді. Менің ойымша, мұражайда ең маңыздысы – оның экспонаттары, келушілер үшін жайлылық; бұл маршруттарды мұражайға келушілер көп келген кезе оның әрбір қонағының өнер туындыларын көруіне мүмкіндігі бар болатындай күйде ойластыру. Соңғы жылдары тіпті ғимараттың өзіне басты назар аударатындай етіп жобаланған мұражайлар да пайда болды. Мен мұны таңдамаймын.

 Ұлттық парк аумағында орналасқан ғимаратта болған кезде, қоршаған табиғатты және пайда болған сезіміңізді есте сақтағыңыз келеді. Аумақта орын тепкен сәулет нысаны көркем болуы мүмкін, алайда оның мәні – қоршаған ортаны үйлесімді түрде толықтыру, үстемдік етпеу және ластамау. Жоғарыда атап өткендей, нысанның орналасуы үлкен маңызға ие. Сәулет ландшафтқа оң немесе теріс әсер ете алады. Жергілікті мекеннің барлық табиғи қадір-қасиетін назарға алып, оларды сәулет жобасының органикалық бөлігі етіп көрсету керек.

 - Бүгінде әлемде экологиялық туризмнің танымалдығы артып келеді. Ол әдеттегі туризмнен қалай ерекшеленеді? Экотуризмге арнайы инфрақұрылым қажет пе?

 - Экотуризм – кейде мақсатқа сай емес қолданылатын трендтік сөз. Экологиялық туризмнің мәнін түсінбей, оны тек қызметті, продуктті алға жылжыту сипатында айту – жауапсыздық. Туристер оларды жаңылыстырғанын лезде түсінеді. Экотуризмді құлақша ретінде пайдалана отырып, адамдардың көзқарасында нақты қадір-қасиет пен әлеуетті жоғалту әбден мүмкін.

 Экологиялық туризм жергілікті тұрғындардан басталуы тиіс. Өз тәжірибемді негізге ала отырып айта аламын, жақсы туристік бағыттар (нақты, Диснейленд емес) – бұл жергілікті тұрғындарға ыңғайлы және жайлы орындар. Бұл нақты пікірлер жазылатын орындар, ойдан шығарылған әңгімелер емес. Ұтымды бренд ұтымды өнім негізінде түзіледі.

 Табиғи саябақты құру кезіндегі қиын сәттердің бірі – бұл сауаттылықты арттыру! Адамдардың бұл неге маңызды екенін түсінгеніне көз жеткізу қажет. Соңғы рет, мен сіздердің керемет тауларыңызда серуендеп жүргенде, өз жолымды қаладан бастап, 2000 метр биіктікке дейін көтерілдім. Серуен керемет әсер қалдырды, алайда тамаша тау алқабындағы сипатсыз құрылыс көңілге кірбің түсірді. Зәулім псевдогеоргиан виллалары бар сұлулықты стероидтар сынды ластауда, бірден көзге ұрылады. Қорғауда болуы тиіс табиғи аудандарда көліктер бақылаусыз жүреді. 1500 метр белгіде мен үйдің түріне лайықты соңғы топты көрдім, ал одан өте көз алдыма қоқыс төгілген орман ашылды. Адамдарды ағаштың астына пластик немесе арақ бөтелкелерін тастап кетуге жол берілмейтінін түсінуге мәжбүр ету керек! Бұл, бәлкім эко-трюизм – жалпыға белгілі шындық сияқты естілетін шығар, алайда ешкімнің осындай әсем табиғат арасында қоқысты көргісі келмейтіні рас қой.

 Экотуризмді дамыту үшін ең маңызды қадамдарды атап өткім келеді: базалық инфрақұрылым шешуші мәнге ие, ал оның негізгі элементі – экологиялық білім. Адамдарға «не, не үшін, неге және қашан», табиғат – бұл біздің басты құндылығымыз, неге ол елдің халқы, қонақтар мен бүкіл ғаламшардың тұрғындары үшін маңызды, күзетілетін нысандардың шекаралары қайда орналасқан, оларға қашан барған маңызды, осының бәрін ұғындыруымыз қажет.

 Бұдан кейін әкімшілік ресурс қосылады, табиғи құндылықтарды күшейту және қорғау үшін ережелер белгіленеді және қолданысқа енгізіледі. Соңғысы, әрі ең маңыздысы – табиғи аймақтарға қауіпсіз және бақыланатын қолжетімділікті қамтамасыз ететін физикалық инфрақұрылым. Бұл жүйе аймақтың табиғатына және жалпы ғаламшарға барынша аз әсер ететіндей етіп жобалануы тиіс.

 Демалыс және табиғатпен байланыс үшін қорғалған аумақтарды аша отырып, қонақтардың із қалдырмауын қамтамасыз ету – қиын міндет. Оған барынша жауапкершілікпен қарау және табиғатты бағалай бастау үшін адамдардың сауаттылығын арттыру абзал.

 Осылайша сіз экологиялық туризмге байыпты қарайтын болсаңыз, бұл болашақ ұрпақ үшін инвестиция екенін ұғына түсесіз. Экотуризмге ұзақ мерзімді перспективалы жоба ретінде қарау керек, бұл ойын-сауық паркі емес. Табиғат құндылығын әр адам үшін аша білген жөн, сонда ол өзі үшін сөйлей бастайды.

 - Сіздің ойыңызша, экологиялық туризм алматылықтар мен жалпы Қазақстан тұрғындары үшін қаншалықты қажет болуы мүмкін?

 - Қазақстандықтар итальяндықтарға өте ұқсас, отбасылық беріктікті және табиғатқа жақындықты бағалайды. Сондықтан демалыс күндері көбісі өзінің үлкен жол талғамайтын көліктерімен тауға қарай бет алады, кез-келген аумақта барбекю мен серуендерді ұйымдастырады. Өкінішке қарай, кейбіреулері қоқыстарды қалдырып, үйіне қайтады. Мұндай жағдай Италияда да орын алды. Guardia Forestale орман полициясының күшімен экологиялық сауаттылықты арттыру арқасында жағдай жақсарды. Қазір еліміздің көптеген аймақтарында адамдар табиғаттың құндылығын сезініп, оны құрметтеуге тырысады.

 Егер сауатты инфрақұрылым салса, көптеген адамдар үшін жасыл аймақтарды тартымды етуге мүмкіндік бар және олар табиғатқа қарай бет алатынына сенемін. Қол жетімділік маңызды рөл атқарады. Адамдарға тауға жетудің қауіпсіз және ыңғайлы жолы қажет.

 Әрине, қоршаған ортаны тек жол талғамайтын көліктер ғана ластамайды, табиғаттағы бір күн демалыстан кейін кептелісте тұру ешкімге жаға қоймас. Сондықтан мұнда табиғи аймақтарға апаратын, оларда тұратын немесе сол аумақта жұмыс істейтін адамдар үшін сапалы қоғамдық көліктің болуы маңызды. Бұл көлік инновациялық, экологиялық талаптарға сай болуы, төмен көміртекті ізді қалдыруы және пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс. Мен сондай-ақ тау жолдары басталатын және аяқталатын жерлерге көтерілетін арқанды жолдар мен фуникулерлерді де қарастырар едім. Бұл кезекте автомобильдік қолжетімділік қатаң бақыланып, шектелуі тиіс.

 Жалпы алғанда, табиғи аймақтарға деген қол жетімділікке сұраныс тек арта түсетініне сенімдімін,  әр алматылықтың тауға деген ынтықтығын ескермеу мүмкін емес.

- Коронавирусты жеңгеннен кейін шетелдік экотуристер бізге назар аудара ма?

 - Қазақстан – сіздің байтақ далалар немесе аспанмен таласқан таулар, жалпы көптеген табиғи құпияларға толы ел. Менің ойымша, бұл экотуризмді дамыту бастау алатын тамаша нүкте. Сіздің мемлекет жүргізіп отырған «ашық аспан» жаңа саясаты көптеген адамдарға осында келуге мүмкіндік береді және олар оны қуана пайдаланады. 

Біз пандемияны жеңген кезде, ал мен жақын арада оның болатынына үміттенемін, адамдар Қазақстанға жаңа тәжірибе, тау ауасы, таза табиғи түрлері үшін ат басын тірейді. Менің ойымша, сіздер табиғи аймақтарды шамадан тыс жүктеуге әуестенбеулеріңіз қажет және қабылданатын қонақтар санын бақылап отыруларыңыз орынды. Санға емес, сапаға ұмтылу керек деп есептеймін. Барлық туристік бағыттар сияқты сіздерге қайтадан оралуға дайын туристер қажет. Олардың табиғатты бағалай және құрметтейалуы басты орында.

 - Рикардо, қызықты сұхбат үшін рахмет!