Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Атырауда сабаққа қатыспаған баланың әкесі екі күнге қамалды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баласы бетімен кетсе, әкенің тартар азабы аз емес. Мәселен, Доссор кентінде тұратын отбасының колледжде оқитын ұлы ақпан айында еш себепсіз сабақ қатыспай жүрген. Алайда, еріншек бала сабаққа қатыспағанына дәлел бола алатын анықтама ұсынбапты. 

Атырауда сабаққа қатыспаған баланың әкесі екі күнге қамалды

Әрине,  ұстаздары оған бірнеше рет ескерту жасапты. Соған қарамастан сабақтан қалуын жалғастыра беріпті. Сөйтіп, ақпанның 12 күнінің сабағына қатыспағаны анықталып отыр. Ұлының бұл әрекеті үшін әкесіне сот алдында жауап беруіне тура келді.  

Бұл іс Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану  арқылы  қаралды. Өйткені, кәмелетке толмаған баланың әкесі  бір жыл бұрын бұрын әкімшілік жазаға қолданылса да тәрбие мен білім беру жөніндегі міндетін орындамай келген. Сол себептен, оның ісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 2-бөлігін бұзған болып саналды.

–Сот отырысында құқық бұзушыға  кінәсін мойындамасқа амал қалмады.  Сот қаулысымен кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесіне екі тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.