Ауданда осы жұқпалы ауруға қарсы жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Ол аудан аумағында коронавирус індетіне жол бермеу жоспарына және күдіктілер анықталған жағдайда дереу хабарлау сызбасына сәйкес жұмыс істейді. Аудандық ауруханада карантиндік режим енгізілген. Коронавирус індетіне күдікті пациенттерге арналған 4 оқшаулау орны емхананың күндізгі стационарының негізінде дайындалған.
Ағымдағы жылдың 1-26 сәуірінде басқармаға 2 оң COVID-19 талдау нәтижелері түсті. Екі жағдай да Бозайғыр ауылдық округінде тіркелді. Біреуі 2018 жылы туған бала, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Екіншісі осы қаладағы «ННЦОТ», яғни, трансплантология және онкология институтының медицина қызметкері болып жұмыс істейтін 1990 жылы туған адам. Оларды госпитальға тасымалдау, ауру ошағын дезинфекциялық өңдеу, санитарлық-эпидемиологиялық тексеру және жақын адамдарын анықтау жұмысы жүргізілді. Тексере келгенде, бұл індет байланыста болған адамдарға жұқпаған. Медицина қызметкерлері мен эпидемиологтардың арасында барлық шаралар уақытылы әрі кәсіби түрде жүргізілді деп айтуға болады. 2018 жылы туған бала сауықты. Ата-аналары үшін мұның өзі үлкен қуаныш. Дегенмен, онымен бірге болған адамдар мен туған-туысқандарының ауырмауы үшін көптеген жұмыс істелді.