Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Коронавирус: Жетісуда жетпістегі қарт пен алты айлық сәби ауырды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі дерек бойынша Алматы облысында 24 адамның коронавирус  жұқтырғаны анықталды. Ал науқастардың жалпы саны – 262.

Коронавирус: Жетісуда жетпістегі қарт пен алты айлық сәби ауырды

Жұқпалы індет жұқтырғандар Кеген, Іле, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары екен. Науқастар қазір Талдықорғандағы әскери госпитальге, Қарасай аудандық ауруханасы мен, Шелектегі аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне оқшауланған.

- Бүгін анықталған пациенттерден вирус белгісі медициналық комиссиядан өту барысында, медициналық көмекке жүгіну кезінде және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кездерінде анықталған.  Науқастар қазір Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аудандық аурухананың инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды. Олармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауланылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Алматы облысы