«Биыл елорданың жалпы білім беру мектептерін 6 515 түлек аяқтағалы отыр. Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге 6 199 оқушы өтініш білдірді, яғни 95 пайызы. ҰБТ 20 маусым-5 шілде аралығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Тестілеу уақыты - 3 сағат 50 минут. Тест 2 блоктан тұрады, 3 негізгі пән және 2 бейіндік пән. Биыл ҰБТ сұрақтарында 11-сыныптың соңғы тоқсандарының бағдарламасы қамтылмайды»,- деді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.
Осы орайда басқарма басшысы түлектер мен ата-аналарды мазалаған сұраққа жауап бере келе, ҰБТ сұрақтары 5-11-сыныпқа дейінгі және 11-сыныптың алғашқы екі тоқсанындағы бағдарламадан алынғанын айтты.