Оған Қазақстанның өсімдік шаруашылығы қаншалықты дайын?
Климаттың жаһандық өзгеруі енді ғылыми пікірталас тудырушы өзекті тақырыптардың бірі болып табылмайды. Бүгінгі күні бұл әлем назарын өзіне аударған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, 1980 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8°С көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.

Оған Қазақстанның өсімдік шаруашылығы қаншалықты дайын?
Климаттың жаһандық өзгеруі енді ғылыми пікірталас тудырушы өзекті тақырыптардың бірі болып табылмайды. Бүгінгі күні бұл әлем назарын өзіне аударған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, 1980 жылдан бастап ғаламшардағы орташа температура 0,8°С көтерілді. Егер зерделеп қарар болсақ, климаттағы 20 өзгерістің 19-ы 1980 жылдан кейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.
БҰҰ ДБ мәліметі бойынша, Қазақстанда соңғы 50 жылда орташа ауа температурасы 1,5°С-қа өскен. Ауа температурасындағы өзгерістердің дені ерте көктем маусымындағы жерасты ылғалдылығымен байланысты болған. Үрдіс төңірегінде атмосфера шөгуін жылдың жылы кезеңінде қысқарту, суық кезеңінде ұлғайту, сол арқылы топырақ ылғалының көктемгі қорларының мерзімінен бұрын таусылуына және жазғы жауын-шашынның түсіңкі салымына алып келеді, бұл көбіне суарылмайтын егін шаруашылығы аудандарындағы өнімдермен байланысты. Бұдан басқа, вегетация кезеңінде гидротермиялық жағдайлардың өзгеруі егіншілік пен азық-түлік сапасын төмендететін жаңа зияндатқыш ошақтар мен ауыл шаруашылығы саласындағы әртүрлі аурулардың тууына әсер етеді.
Климаттық өзгерістің басқа жағымсыз салдары ол – жерлердің шөлге айналуы. Ғалымдардың мәліметі бойынша, Қазақстандағы шөлге айналу үдерісіне ұшыраған жерлер 66% болып табылады. Жердің құлдырау зардабы 960 млн. долларға бағаланып, егіндіктің мүжілу салдарынан кіріс шығыны 779 млн. теңгені құрайды. Қарашірікті жоғалтудың жалпы шығынын сарапшылар 2,5 млрд. долларға бағалады. Бірақ климаттық өзгерістер ауылшаруашылық жерлерінің азуына алып келуші негізгі факторлар болып табылмағанымен, олар осы үдерістің негізі.
Бүгінде климаттың өзгеруіне ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселесін әлемдегі барлық жетекші ауыл шаруашылығын зерттеу жүйелері мен зерттеу университеттері зерттеуде. Мысалы, Дэвистегі Калифорния университетінде ауыл шаруашылығын, экология жүйесін зерттеу бойынша әлемдік үздіктердің бірі, орнықты ауылшаруашылық жүйесін дамыту жөнінде бірден екі ауқымды бағдарлама іске асырылады. Австралияда жетекші университеттер бұл саланы жүзеге асырса, Гриффит университеті негізінде тәртіп аралық зерт