Өрттің шығуына негізгі болжам бойынша ер азамат темекі тартқан соң, қауіпсіздік шарасын сақтамауы себеп болғанға ұқсайды. Қазір техникалық сараптама тағайындалды. Ер азаматтың мүрдесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді,–дейді Манарбек Шапағатов.
Сондай-ақ, бүгін таңғы сағат сегізде Көкшетауда Абылай хан даңғылындағы 20-үйдің бірінші подъезі түтінге оранды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығуына жертөледегі электр сымдарының тұйықталуы себеп болған. Әуелі жоғары қабаттағы пәтердің бірінде су құбыры жарылыпты. Өрт сөндірушілер 22 адамды эвакуациялады. Оның төртеуі – бала.