Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

«Shymkent» ӘКК басқарма төрағасы тағайындалды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы болып Бауыржан Тоқболатұлы Канкин тағайындалды.

«Shymkent» ӘКК  басқарма төрағасы тағайындалды

Канкин Бауыржан 1987 жылы 23 маусым күні Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. Экономика бакалавры, «Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы «ABN AMRO Bank» / «Royal Bank of Scotland» АҚ операциялық департаментінің маманы қызметінен бастады. «Deloitte» ЖШС, «Темірбанк» АҚ, «Arcelor Mittal Теміртау» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Union Bancaire Privee (Женева, Швейцария) кеңесшісі және «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ Активтерді басқару бойынша қызметтер нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Үш жыл бойы «Astana» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Supernanny.kz жобаның негізін қалаушысы.