Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Алматыда бизнеске көрсетілген қолдау алғашқы нәтижесін бере бастады

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы ШОБ-ты қолдаудың үдемелі шаралары шеңберінде құрылатын шағын өнеркәсіптік парктердің жүзеге асырылуымен танысты.

Алматыда бизнеске көрсетілген қолдау алғашқы нәтижесін бере бастады

Тоқтап қалған базаларды қайта жаңғырту Almaty Finance компаниясының жеңілдетілген қаржылық қолдауымен жүргізіледі. Дайын өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне кейін сатып алу құқығымен төмен бағаға жалға беріледі.

Б. Сағынтаев Ala Estate ЖШС өнеркәсіптік паркінде болды. Кәсіпкер 2 мың шаршы метр аумаққа өндірістік үй-жайлар құрылысын жүргізу үшін 180 млн. теңге көлемінде инвестиция салған. Жұмыс істеп тұрған үй-жайларда жиһаз цехы және галантерея бұйымдарын өндіретін кәсіпорын ашылды. Бұл жерлер ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

2

Наурызбай ауданында тоқтап тұрған базарлардың орнында аумағы 7,2 мың шаршы метр болатын екі парк салынуда. Мұнда алғашқы жобалар да іске қосылды. Алатау ауданында ауданы 23 мың шаршы метр болатын 4 парк, тағы біреуі Түрксіб ауданында бой көтереді. Оның ауданы 9,7 мың шаршы метр. Осы жоба аясында 1,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

«Бұл Almaty Business-2025 бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан ШОБ-ты қолдау бойынша шаралардың бірі. Қалалық және республикалық бағдарламалардың басты мақсаты – кәсіпкерлік саласында 10 мыңнан астам жұмыс орнын құру», – деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.

2

Еске салсақ, бұған дейін Б.Сағынтаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету басты міндет болып табылатынын тілге тиек еткен еді. Өйткені Алматының еліміздің қаржы және іскерлік орталығына айналуы осыған тікелей байланысты. Әкімдіктің ұйытқы болуымен қолға алынған негізі бағдарлама Almaty Business-2025 болып табылады. Осы мақсатта индустриалды аймақтың жұмысы жанданып, шағын өнеркәсіптік парктер құрылуда.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасының іске асуымен танысты. Яғни, арық желілерін, тротуарларды жөндеу және аумақты абаттандыру барысы қаралды. Жалпы 2020 жылы Наурызбай ауданында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында 22 нысанды ағымдағы жөндеуден өткізу жобалары жоспарланған. Бұларда 341 жұмысшы еңбек ететін болады.

5