28 Қыркүйек, 2013

Бокс. Әлем чемпионаты. 5 қызымыз да финалда ұтылды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

albena-box dev-1

Болгарияның Албена қаласында бүгін, қыркүйектің 28-і күні түнде мәреге жеткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық айқасында өнер көрсеткен қазақстандық 5 балғын боксшы түгелдей жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Egemennews.kz тілшісі хабарлады. Сонымен, Назерке Жұрғабаева (46 кг) – америкалық Кайтин Ороскодан (1:2), Асыл Асқарова (48 кг) - ресейлік Екатерина Пальцевадан (0:3), Балауса Мұздыман (54 кг) – украин Анжелина Бондаренкоден (1:2), Любовь Хасиева (66 кг) – орыс Светлана Ходаревскаядан (0:3), ал Ақмарал Шамшиденова (80 кг) ресейлік Влада Калачевамен (0:3) ұтылып қалды. Сөйтіп, бұлардың бәрі күміс медальды қанағат тұтты. Мұның алдында Айгерім Ошақбай (52 кг), Назым Ишанова (57 кг), Екатерина Анисимова (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Баян Ақбаева (70 кг), Алтын Мұқышбекова (75 кг) қола медальге ие болды. Осылайша жартылай финалда 11 (!) бірдей боксшысы күш сынасқан Қазақстан құрамасы соңында бірде-бір алтын медальге ие бола алмай, қатты ұятқа қалды. Командалық бірінші орынды 4 алтын медаль олжалаған Ресей қыздары алып кетті. Екінші орынға 2 алтын медальмен АҚШ құрамасы көтерілді. Бұлардан басқа, Қытай, Италия, Украина, Ирландия, Польша, Түркия және Тайпей командаларында бір-бірден алтын жүлде бар. Дамир Қожамқұл.  
Соңғы жаңалықтар