Аймақтар • 24 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Алтайға Абай келді

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазірдің өзінде қала тұрғындары Абай атамыздың бейнесі мен Алтай қаласының жазу бедерленген аумаққа айрықша қызығушылық танытып, суретке түсіп жатқан көрінеді.  

Шығыс Қазақстан: Алтайға Абай келді

Осыдан екі жыл бұрын Алтай атауын иеленген шағын шаһар жылдан жылға көркейіп келеді. Қазір қалада абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқын алған. Жақында Алтай қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына Абай Құнанбайұлының бейнесі салынды. Туынды авторлары – катонқарағайлық суретшілер Амангелді Исабеков пен Қуаныш Әділбек.

а

«Менің бастамам бойынша Алтай қаласындағы тұрғын үйдің сыртқы қабырғасына әлемге әйгілі қазақ ақыны және ағартушысының стрит-арт стиліндегі суреті бейнеленді. Бұл өнер туындысы ақынға айрықша құрмет һәм сыйластық белгісі ретінде Абайдың 175 жылдығына орай алғаш рет аудан тұрғындарының назарына ұсынылып отыр» дейді Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Алтай қаласындағы Қайыпов пен Горкий көшелерінің қиылысына шаһардың аты жазылған конструкция орнатылыпты. Аудан әкімінің бастамасымен аудан орталығына алғаш рет қойылған конструкция маңы абаттандырылып, көгалдандырылып, ою-өрнек бейнесінде шамдар қойылып, жаяу жүргіншілер жолы салыныпты. Қазірдің өзінде қала тұрғындары Абай атамыздың бейнесі мен Алтай қаласының жазу бедерленген аумаққа айрықша қызығушылық танытып, суретке түсіп жатқан көрінеді.  

 Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай қаласы