Ахат Самигулин екінші топтағы мүгедек. Ол сағат жөндеумен айналысады. Бұл кәсіппен ертеректе оның әкесі, атасы айналысқан. Жақында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз грант алды. Ол қаражатқа Ресейден тұрмыстық заттарды қайрайтын арнайы құрал сатып алған.
– Ендігі кезекте маған оқу керек. Ал курс бағасы қымбат, Ресейде 300 мың теңге тұрады. Отбасым, екі балам бар. Аппарат маникюр, педикюр жасайтын қайшыларды қайрайды. Мен пышақ өзге де құралдарды қайрауға болатындай қайта жабдықтаймын,–дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Ахат Самигулин.
Үстіміздегі жылы қайтарымсыз грант алған тағы бір кәсіп иесі мал шаруашылығымен айналысуда.
– Ең алдымен олар өздерінің бизнес-проектерін ұсынады. Одан соң құжаттарын түгендеп комиссияға жібереді,–дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Наргиз Сәдуақасова.