Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев пен полиция сержанты Дастан Абдықановтың отбасына көңіл айтты.

«Қайғылы жағдайда қаза тапқан полицейлер төтенше жағдай режимінде 2 айдан астам уақыт жұмыс істеді. Олар күнделікті қызметінде карантиндік шараларды қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қорғады. Аға лейтенант Жарас Жанғазиев Алматы қаласының патурльдік полиция полкінің инспекторы болып жұмыс істеді. 19 жыл бойы қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, мінсіз қызметі үшін бірнеше мәрте ынталандырылды, оның ішінде ведомстволық наградалар алды. Көптеген жас полицейлер үшін тәлімгер әрі үлгі бола білді. Жарас Жанғазиев өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен бірге жақсы әке еді. Оның артында екі қызмен үшінші сәбилерін күткен жары қалды», - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ, министр полиция сержанты Дастан Әбдіқанов туралы: «4 жылдық қызмет жолында өзін жауапкершілігі мол, ұстанымы берік әрі тыңғылықты орындаушы қызметкер ретінде өзін көрсете білді. Өткен жылы ғана шаңырақ көтерді және бір ай бұрын ғана қызы дүниеге келге еді. «Өкінішке қарай, қайғылы оқиға олардың өмірін қиды. Екі қызметкер де үздіктердің қатарында еді.Олар Отанымызға әлі де көп еңбек сіңіре алатын. Ішкі істер министрлігінің барлық жеке құрамы олардың туған-туыстарымен бірге аза тұтады. Барлығымыз үшін бұл орны толмас қаза болып отыр», - деп, марқұмдардың отбасы мен туған-туысына қайғыра көңіл айтты.
Дереккеөз: Polisia.kz.
Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс
Парламент • Бүгін, 08:12
Жоғымызды іздейтін жанашырларымыз бар
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Қазақстан • Бүгін, 08:09
Қоғам • Бүгін, 08:05
Елбасы • Бүгін, 08:04
Елбасы • Бүгін, 08:01
Мықты мәдениет – руханият қайнары
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар