«Сіздерді Халықаралық Түркі академиясының құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтаймын!
Академия осы мерзім ішінде бауырлас елдердің тарихы мен тілін, мәдениеті мен әдебиетін зерттеп-зерделейтін іргелі ғылыми орталыққа, беделді халықаралық ұйымға айналды.
Мақсатты жұмыстар жүргізудің нәтижесінде ортақ оқулықтар әзірленіп, әлемнің бірқатар тілдерінде кітаптар жарияланды. Біріккен Ұлттар Ұйымыннда және ЮНЕСКО-да Ұлы Даланың тарихы мен тұлғалары жөнінде көптеген халықаралық жиындар өткізілді.
Елімізде «Рухани жаңғыру» бағадарламасының аясында жүзеге асырылп жатқан игілікті шарларды туыстас халықтарға таныстыру орайында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Ғылыми ықпалдастық негізінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары тарихымызды түгендеуге қосылған лайықты үлес болды.
Академияның қызметі алдағы кезде де жемісті жалғаса беруін тілеймін» делінген құттықтау хатта.
Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Нахчыван келісімі негізінде 2010 жылы 25 мамырда іргесі қаланған Түркі академиясы бүгінде толыққанды халықаралық ұйымға айналды.