Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

229 атыраулық түлек «Алтын белгі» иегері атанды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тағы бір буын үшін мектеппен қоштасар сәт жақындады. Бүгін өңірдегі 196 мектептің 129 500 оқушысы үшін  оқу жылының аяқталғанын білдіретін соңғы қоңырау соғылды. Әрине, бұл шара онлайн режимде өтті.  

229 атыраулық түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл 5 286 түлек мектепті бітіріп отыр. Олардың арасынан 11 жыл бойына үздік оқып, түрлі білім бәйгесінде жұлдызы жарқыраған   229 оқушы «Алтын белгіні» иеленеді. Ал 183  түлектің білімі «Үздік аттестатпен» бағаланбақ.

– Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру шарасы 3-4 маусымда білім ұясының ашық алаңында өтеді. Оған тек түлектер ғана қатысады, -дейді облыстық білім басқармасының мамандары.