Қасиетті Бурабай баурайы аңызға тұнып тұр. Жақсы мен жайсаң күн кешкен атажұрттың әр тасының аңызы бар. Сол аңыздардың жылғасы көкірегі ояу кез келген адамның жан дүниесіне жарық сәуле құйып тұрғандай.

Суретті түсірген Ерлан Омар, EQ
Абылай алаңынан қалың қарағайларды қақ жарып өрлеп шығатын жалғызаяқ жол мәңгі жасыл қарағай орманның қойнауына сіңіп кетеді. Осы жолға түсіп жүрсеңіз, сарғыш тартқан тас қатпарын он саусағынан өнер саулаған хас шебер әдейілеп қашап шығарғандай биік арқалы тақ көрінеді алдыңыздан. Кәдімгі әсемдігі көз қарықтыратын алтын тақ.
Иә, ықылым заманнан бері бұл жер Хан тағы деп аталады. Сарыарқадағы жұрттың апшысын қуырған қаһарлы қыс өтіп, мамыражай көктем туғанда Абылай хан Қызылағаштың қойнауындағы қыстауынан көшіп келіп, осы жер жәннаты тәрізді жайнаған алақандай алаңқайда, көктеуде отырар еді. Таңғы ауа қандай тап-таза. Көгілдір орман ішіндегі алаң кешке қарай да сырбаз салтанатынан айырыла қоймайды. Жанға жайлы жібек самал еседі. Міне, осы сәтте Абылай хан табиғат тарту еткен таққа келіп отырар еді.
Қазір бұл жер жұрт киеліге санайтын көркем орынға айналған. Хан тағын тамашалауға келген тәмам жұрт мінәжат етіп, ақтық байлайды. Өзекті өртер өкініші сол, кешегі кеңес заманының кесапатын Алаш жұрты ғана емес, табиғат таңдаулы ұлына тарту еткен тас та көрген. Табиғи тақтың төріне кімдер шықпады дейсіз. Әншейін мініп-түссе бір сәрі ғой, қос қапталына, артына сырмен, әкпен, қашаумен қашап аттарын жазған.
Абылай алаңында тұрып, Көкшенің қарсы алдыңыздағы биігіне көз салсаңыз, ғажайып табиғат құбылысын айқын аңғарар едіңіз. Қылпылдаған болат қашау батпайтын көк гранит тасын бауырлай тіліп орналасқан ғажайып тас сырғанаққа жанарыңыз түссе, туған табиғаттың құдіретіне еріксіз бас иесіз. Сонау қыр жотадан басталып, еңіске қарай құлдилай құлайтын ғаламат үлкен тас сырғанақты жасау әрине адамның қолынан келмес еді. Көзбен жобалағанда, көк тастың ені жиырма қадамдай, ал табаны 150 қадамға жуық. Кертіліп түскен, әлде ойылған. Қалай болған күнде де жаратылыстың бұйрығымен осындай тас сырғанақ пайда болған. Екі жағы тіп-тік, жылан жалағандай теп-тегіс. Бір таңданарлығы жалпақ табанда бармақ басындай бір бұдыр болса ше? Иненің көзіндей ойық та кездеспейді. Жергілікті жұрт бұл жерді тас сырғанақ деп атайды. Айтса айтқандай, ту биіктен құлдилай құлап, етегі еңіске жететін сырғанақтың сырын ұққан кім бар екен?!
Көк тастан өрілген, адамзат баласының өзі де шыға алмайтын биік шыңның ұшар басына піл шығып шөгіпті десе, сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сенбейтіндер табылса, Бурабайдың баурайына келсін. Келген соң Абылай алаңына табан тіреп, жүзін Оқжетпеске бұрсын. Сол сәтте сонау шың басынан төрт сирағын бауырына басып шөккен піл көрінеді. Көзі өткір адам ұшы сәл жоғары қайқиған ұп-ұзын тұмсығын аңдайды. Бажайлап қарасаңыз, алақандай көзі, қауқиған құлағы, сабаудай құйрығы,қысқартып айтқанда, барлық он екі мүшесі түп-түгел. Тек жанды емес, жансыз, көк гранит тас. Есте жоқ ескі кезеңде Оқжетпес батыр қалың жау қаумалаған сәтте жаратқан иеден тілек етіп, тасқа айналыпты деседі ғой. Сонда төбесіне көтеріп алған осы піл екен деген жорамал айтылады. Әрине аңыз. Әйтсе де, ұлт мұраты мен ұлттың ұлағатты ұлдарының арымас асыл арманы ұштасып жатқандай. Аңыз астарында туған жердің топырағын Оқжетпес батыр тәрізді қорғай білу керек. Сонда есімің ел есінен ешқашан өшпейді деген ишара жатыр.
Жоғарыдағы бір сөзімізде, Бурабайдың баурайы тұнған аңыз екендігін айттық қой. Тұлғасы үйдей пілді елемей, өрмелеп басына шығып бара жатқан тасбақаны көрсеңіз, қимылына тәнті болар едіңіз. Оқжетпестің тап түбінде күміс көл жақтан тоқтап, бөркі жерге түскенше басын көтерсе, пілдің артқы жағынан жоғарыға тырмысып, мысықтабандап көтеріліп келе жатқан тасбақаны көрер еді. Әлгі пақыр мойнын алға соза ұмтылып, оң аяғын пілдің шекесіне сала тырмысып тұрғандай. Арыдағы ойы таудай пілдің қарақұсына қонжиып отырмақшы болды ма екен?
Оқжетпесті іргелей, сұр таспа жолмен Көгілдір қолтықты орағыта Бурабай елді мекеніне қарай бет түзесеңіз, Бурабайдың күміс көлінің кемеріне төніп тұрған құз жартасты көресіз. Бажайлап қарасаңыз, құдды қолтырауын күміс көлден жаңа ғана шығып, арада тананың көзіндей жарқырап жатқан Үлкен Шалқарға өтетін жолды бағып тұрғандай. Көкшетау топырағында тым ерте заманда қолтырауын болды ма, болмады ма кім білсін, әйтеуір бұл тасты ел тарихын жақсы білетін жұрт Айдаһар жотасы деп атайды. Оң жағынан қарасаңыз, әлгі айдаһар енді бір сәтте тас кебіске айналып кетеді. Табиғаттың тамашасын қараңызшы, бұл! Кебіс болғанда, басқа емес кәдімгі қазақтың биік өкше кебісі. Аңыз да өзгереді. Ел аузында сақталған ескі сөзде бұл хан қызының кебісі екен қалып қойған деген дерек те айтылады.
Тау етегін жиектей жүріп сәл ғана әрі ұзасаңыз, қарсы алдыңыздағы алаңқайдан төбешік көрініс берер еді. Төбешіктің басында ақ гипстен жасалған таутеке тұр қасқайып. Таутекеге жете бере, күміс көлдің үстін ала Жекебатыр тауына қарай мойын бұрсаңыз, сонау құз үстінде қарны жер сызған саулықты көресіз. Титтей айырмасы болса ше? Сондықтан бұл жер ежелден Қойтас атанған. Жоғарыдағы құбылыс бұл жерде де қайталанады. Әлгі Қойтасқа Жекебатыр жақтан айналып кеп қарасаңыз, өзіңіз де таң-тамаша қаласыз. Жаңа ғана көз алдыңызда тұрған Қойтас енді бір сәт ер тоқымға айналып кеткендей. Кеткендей емес, нақ өзі. Кәдімгі қазақтың жалпақ қасты ерінің өзі. Ер үстіне көпіртіп көпшік салған.
Осының бәрін көре тұра Бурабайдың табиғаты керемет емес деп айта аласыз ба?!
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар