Әдебиет • 26 Мамыр, 2020

«Идикут» Әзербайжанда жарық көрді

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен еліміздегі ұйғыр әдебиетінің ірі өкілі, белгілі жазушы, драматург Ахметжан Аширидің «Идикут» романы Әзербайжан Республикасында жарық көрді. Шығарманы әзербайжан тіліне тәржімалаған жазушы-аудармашы Талех Мансур.

«Идикут» Әзербайжанда жарық көрді

Кітаптың алғы сөзін жазған Қазақ­стан халқы Ассамблеясы төр­ағасының орынбасары Жан­сейіт Түймебаев қазақ пен ұйғыр халқы арасындағы дос­тық қарым-қатынастарды баяндай келе, ұйғыр жазушылары Зия Самеди, Хизмет Абдуллин мен туын­ды авторы Ахметжан Аширидің шы­ғар­машылығы жөнінде сөз қоз­ғайды. Ұйғыр әдебиетінің өкіл­дері Қазақтанның бірлік пен ын­тыма­ғын сақтап, түркі­тілдес елдердің мә­де­ниет және өнер саласындағы байла­­ныс­­тарын нығайту жолында сің­ір­ген еңбектерін атап өтеді. Сон­­дай-ақ кі­тап­тың жарық көруіне демеу­ші­л­ік жа­саған Қазақстан халқы Ассам­б­­лея­сы­ның белді мү­шесі, қоғам қайрат­ке­рі Ахметжан Шардиновқа, Әзер­бай­­жан­дағы Дүниежүзілік жас түрік жа­зу­­шы­лары одағының төрағасы Ак­бар Қошалыға ризашылық білдіреді.

Ал Бакуде тұратын өнер­та­ну­шы-ғалым Сәнубәр Хаджиева-Ілияслы кітаптың сүйінші данасын оқып шы­ғып, «Идикут» – әзербайжан тіліне ау­да­рыл­ған ең алғашқы ұйғыр романы» дей келе, шығарма өзегіне түсінік­теме береді.

 «840 жылы Орхондағы ұйғыр мемлекеті ыдырайды. Өге Текин біраз уақыттан кейін мемлекетті қай­та қалпына келтіреді. Алайда қытай­лар шабуыл жасап, сол кезде билікте болған соңғы хан ІІ Касардың ағасы­ның ұлы Пан Текиннің және бас уәзір Сар­­чук­тың басшылығымен 15 ұй­ғыр тайпасы Тянь-Шань тауы­ның шығы­сына қарай беттей­ді. Мұнда олар екі бөлікке бөлі­неді. Олардың бір бөлігі – Пан Текиннің басшылығымен солтүс­тік-шығысқа өтіп, 5 ауданнан тұратын Бесбалық қала­сын салады. Уақыт өте келе қала гүлденеді. Бұл жердің билеу­ші­лері «Идикут» деп аталған.

Кітапты қызықты ететін тағы да бір әсерлі жайт, сол кездегі тарихи кө­рі­ніске негізделген ақпарат көп кезде­седі. Туындыны оқи отырып, ұй­ғырлардың тарихымен қоса, моң­ғолдардың да тарихына, мәдение­тіне, киім кию дәстүріне, наным сенім­деріне және басқа нақты деректерге куә боламыз. Сондықтан тарихи шын­дыққа негізделген «Идикут» ро­ма­ны Әзербайжан мемлекетінде де өз оқыр­манын табады деп сенеміз»,
дейді.

Жинақтың таныстырылымы ал­дағы уақытта Бакуде және Ал­маты қала­сында жүзеге асады.