Көше-жол желілерін орташа жөндеуге байланысты Байтұрсынов көшесінің Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскесінде жөндеу жүруде. Осыған орай 26 мамырдан 5 маусымға дейін жол жартылай жабылады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелісті болдырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспалауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген хабарламада.