Коронавирус індетімен күресте тәулік бойы алғышепте еңбек еткен дәрігерлердің ерен еңбегі Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жоғары бағаланды. Айнұр Қайратқызы 21 наурыздан бері қауіпті індетке қарсы күресте алдыңғы шепте қызмет етіп келеді. Ақ халатты абзал жан 2015 жылы Астана медицина институтының қоғамдық денсаулық факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын Ақкөл аудандық ауруханасында бастаған. Соңғы екі жыл облыстық көпбейінді ауруханасында қызмет етуде. Эпидемологиялық бөлімінің меңгерушісі.
– Біздің қызметіміз төтенше жағдай кезінде ерекше қажет болды. Сол себепті күні-түні жұмыс істедік. Бізге құрмет көрсетіліп жатса, жалғыз адамның емес, бөлімнің де үлесі бар,–дейді облыстық көпбейінді ауруханасы эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Айнұр Қалидолла.
Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан облыстағы 10 дәрігерге төсбелгі тағылды. Бейбіт күннің батырлары қандай құрметке болсын лайық.
Ақмола облысы