Маман пікіріне сүйенсек, қазір әлем коронавирус пандемиясының алғашқы толқынының бел ортасына жетті. Өйткені, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африка мен Оңтүстік Азияда індет жұқтырғандар саны күн санап көбейіп жатыр.
«Бірінші толқында сырқаттанғандар саны барынша төмен деңгейге дейін азаяды, ал бірнеше айдан соң ауру қайта өршиді. Тиісінше бұл жағдай бірнеше айдан кейін көптеген мемлекеттерде көрініс табуы мүмкін», - деді ол.
ДДҰ өкілдері пандемияның екінші кезеңі маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ адамзат пандемияның бірінші кезеңінде оны қайта өршітіп алуы мүмкіндігін ескертті. Мұндай жағдай 1918-1920 жылдары испан грипінің пандемиясы кезінде болған.