Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Өмірзақ Шөкеевтің хабарлауынша, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі 857,2 мың га құрайды. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарының 92%-ы аяқталған.
«Егістікті әртараптандыру бағытына сәйкес, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының алқабы өткен жылмен салыстырғанда 3,2 мың га артып, 122 мың га құрады. Мал азығы дақылдары 11,6 мың га артып, 213 мың га құрады», — деді Ө. Шөкеев.
Облыста масақты дақылдар егістігі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың га азайып, 213 мың га құраған. Мақта дақылының егістігі 12,7 мың га азайтылды, 118 мың га жерге егілді. Ал майлы дақылдар өткен жылғы деңгейде - 91,4 мың га алқапқа егілген.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін 3 негізгі бағыттағы жұмыстар қолға алынған. Шаруа қожалықтары 3 кооперативке біріктіріліп, техникамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 11 мың га жаңбырлатып суару технологиясын енгізілді. Итальяндық технологиямен 1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы және австралиялық технологиямен 10 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы құрылды. Сонымен қатар күркетауық фабрикасын жем-шөппен қамтамасыз ету жобасы бар.
«11 мың га жерге 10-15 кооператив құру бойынша жоспарымыз бар, осы жұмыстар жүргізілуде», — деді өңір басшысы.
Ал кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасын енгізілуде.
«Бұл жобаның тиімділігі 1 га алқаптан жылына 6 млн теңгеден астам табыс табуға мүмкіндік беріп отыр», — деді Ө. Шөкеев.
Облыс басшысының айтуынша, бұдан өзге жеке қосалқы шаруашылықтарда (үй ауласында) тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы ерте пісетін көкөніс, бақша өнімдерін өндіру жолға қойылуда. Мәселен, 10 сотық жерге тамшылатып суаруға жұмсалатын және агротехникалық шығындарын қоса есептегенде, 462 мың теңге қаржы жұмсап, 850 мың теңге табыс табуға болады.
«Осы үш бағытта жұмыс істесек, еңбек өнімділігін 2-3 есе арттыруға мүмкіндігіміз бар», - деді ол.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл өңірде егіс алқабының көлемі 4,2 млн гектарды құрады. Дәнді дақылдар 2,9 млн га егілетін болады. Әртараптандыру аясында майлы дақылдар 955 мың гектар жерге (барлық егіс алқабының 23%) егіледі.
«Бүгінде көктемгі егіс 2,5 млн га алқапта немесе 62,5% жүргізілді. Облыс минералдық тыңайтқыштарды енгізуде республика бойынша алда келеді. Биыл 130 мың тонна тыңайтқыш сатып алуды жоспарлап отырмыз (өткен жылмен салыстырғанда 15% артық), ол 2,3 млн га алқапқа пайдаланылатын болады», - деді облыс басшысы.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда өңірде сұйық тыңайтқыштарды қолдану өз тиімділігін көрсеткен. Облыстағы 6 шағын зауытта өндірілген сұйық тыңайтқыш 500 мың га алқапта қолданылып, нәтижесінде астықтың шығымдылығы орта есеппен 3 центнерге өсті.
«Биыл төрт айда 20 млрд теңгеге жаңа техника сатып алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 млрд теңгеге артық. Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл барлығы 40 млрд теңгеге 2 мыңнан астам техника алуды жоспарлап отырмыз», - деді Қ. Ақсақалов.
Облыста жыл сайын бидай өңдеу көлемі артып келеді. Өткен жылы пайдалануға берілген құрама жем зауытының есебінен биыл бұл көрсеткіш 47% жетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы осындай тағы бір зауыттың құрылысы басталды.
«Осындай жобалардың нәтижесінде келесі жылы бидай өңдеу көрсеткіші 65% дейін артады», - деп түйіндеді өңір басшысы.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда облыста дәнді дақылдар егілген егіс көлемі 2,5 млн га (66%), майлы дақылдар егілген алқап 394 га (56%) құрады. Егіс науқанына барлық техника жұмылдырылып, 2-3 ауысымдық жұмыс ұйымдастырылды, жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы шаруашылықтар 21,4 млрд теңге несие қаражатын алды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша 4 млрд теңге сомаға өтінім беріліп, 2,8 млрд теңгеге бекітілді», — деді А. Мұхамбетов.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірде ауыл шаруашылығы саласының даму жағдайы туралы айтып берді. Оның хабарлауынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығына 23,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 120% құрайды.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 13,6 млн га алқап бекітілген. Қазіргі уақытта 12,1 млн га алқап пайдаланылады.
«Жерді тиімсіз пайдалану фактілері анықталып, 1,1 млн га жайылым алқаптарын пайдаланбау бойынша шаралар қабылданды. Оның 225 мың га мемлекеттің жер қорына қайтарылды. 545 мың га жер ауыл шаруашылығы айналымына берілді. 240 мың га аумақта Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша шаралар қабылданды», — деді Ж. Қасымбек.
Облыста 2019 жылы 360 мың га жайылым суландырылған, биыл 375 мың га жерді суландыру жоспарланған.
«Тозған және құнарсыз жайылым алқаптарын қалпына келтіру үшін пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл – тұрғындардың малын жаюға арналған жерлер. Биылғы жылы бюджеттен тиісті қаражат бөлінді», — деп нақтылады облыс басшысы.
Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 59% құраған. 2019 жылы бұл салада 200 млрд теңгеге өнім өндірілген, биыл өсімді 211 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мал шаруашылығымен өңірде 5096 шаруашылық айналысады, оның ішінде 15 бордақылау алаңы жұмыс істейді.
«Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шетелден және елімізден асыл тұқымды мал басы сатып алынуда. Биылғы жылы 5 мың бас сиыр мен 17 мың бас қой сатып алу жоспарланып отыр. 2020-2023 жылдар аралығында құны 20 млрд теңгені құрайтын қой етін қайта өңдеумен айналысатын ірі қой фермасын құру жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылуда», — деді Ж. Қасымбек.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қаржысы және «Сарыарқа» ӘКК арқылы облыстық бюджет есебінен 5 млрд теңге бөлініп, 3 сүт-тауарлық фермасын құру мәселесі қаралуда. Олардың жалпы өндіріс көлемі жылына 19 мың тоннаны құрайтын болады.
«Жалпы, «ҚазАгро» АҚ институттары арқылы 20 млрд теңгеге 79 жоба іске асырылады», — деп түйіндеді өңір басшысы.
Мемлекеттік хатшы: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды
Үкімет • Бүгін, 16:26
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Өнер • Бүгін, 06:57
Спорт • Бүгін, 06:55
Руханият • Бүгін, 06:53
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Ұқсас жаңалықтар