Қазақстан • 26 Мамыр, 2020

Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірдегі тасжолдың жалпы ұзындығы - 277 шақырым. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады

Жоба 6 учаскеге бөлінген. Жолдың 833-853, 853-893 шақырымдары аралығында қозғалыс биыл ашылады. Бүгінге дейін ондағы жұмыстардың 50% аяқталған. 12 көпір және 22 су өткізу құбыры салынды. Жолдың 648-693 шақырымында бұрма жолды құрылыс жұмыстарына дайындау, жол-құрылыс материалдарын жинау, сондай-ақ жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бұдан бөлек, жаңарту жұмыстары шеңберінде жолда қиыршық тасты-мастикалық асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысы жаңартылып, 2 жол өтпесі, 20 көпір, 36 автобус аялдамасы және 80 су өткізу құбыры салынады. Сондай-ақ 14 демалыс алаңын салу жоспарланған. 

Жаңарту жұмыстарынан өткен соң ІІІ санаттағы тасжол ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Жоба аясындағы жұмыстарға 740 адам мен 560 техника жұмылдырылады.

Еске салайық, Атырау облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзақтығы 1120 шақырым. Олардың 98,6% - жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше