«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» тақырыбында республикалық жиын өтті, деп хабарлады ҚызПУ-дың қоғаммен байланыс қызметі.

Бұған дейін оқу орнында «Өркендеу» жобасы қолға алынған болатын. Мақсат – жас ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және оны дамыту. Жоба шеңберінде «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі» және «Жеңге мектебі» сынды тәрбие мектептері құрылып, бүгінде олар еліміздің мектептерінде бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеуде.
Онлайн форматта ұйымдастырылған семинар барысында аталған бастама аясында атқарылған істердің нәтижелері екшеліп, алдағы жоспары талқыланды. Екі бөлімнен тұрған жиынның алғашқы кезеңінде «Өркендеу» жобасының маңызы айтылды.
Онда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, аталған жобаның ғылыми кеңесшісі Дихан Қамзабекұлы, аталмыш жоғары оқу орнының профессоры Қадиша Қадырқызы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Болат Бақытбекұлы, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Тайбасарқызы, Қыздар университетінің Өнер және мәдениет факультетінің деканы Сараш Қоңырбаева, Білім беруді жаңғырту орталығының инновация бөлімінің басшысы Роза Ақпанқызы, Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек, «Nur Otan»партиясының «Jas Otan»жастар қанаты төрағасының кеңесшісі Ания Мейірқызы және ҚызПУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Гаухар Байташова тақырып төңірегінде пікір алмасты.
Ал екінші бөлімде Алматы облысындағы мектеп директорлары мен мұғалімдері жобаның алғашқы нәтижелерін сарапқа салып, баяндамалар жасады. Сонымен қатар онлайн басқосуға мектеп оқушылары да қатысып, сынып деңгейінде «Өркендеу» жобасының жүзеге асырылуы турасында өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы № 68 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Карина Жолдасқалиева бұл бастаманың жастар арасында ұлттық құндылықтарды әспеттеуге һәм дәріптеуге тигізіп отырған үлесін әңгімеледі.
– «Өркендеудің» басты мақсаты – өскелең ұрпаққа бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін жете ұғындыру, жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және отбасы мүшелері арасындағы қайырымдылық, бауырмалдық сынды құндылықтарды қалыптастыру. Білім ұяларында ұйымдастырылған тәрбие мектептері озық салт-дәстүрді талдап түсіндіріп және оны дәріптеуді үйретудің алғашқы баспалдағының қалануына негіз болды. Бастама отбасы институтындағы тәрбиені бүгінгі мектеп тәрбиесімен ұштастыра жолға қойды деп толық сеніммен айта аламыз. Тәрбие бастауы мектептен бастау алатындығын ескеретін болсақ, бұл шара өз жемісін береді деген ойдамыз, – дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.
Оның айтуынша, бұған дейін жоба еліміздің бірнеше өңіріндегі мектептерде таныстырылған болатын.
Сондай-ақ білім ұяларында Қыздар университетінің оқытушыларының қатысуымен «Ұлы бабалардан тағылым» атты тарихи-танымдық шаралар сериясы да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мектептерде «Ата мектебі» және «Әке мектебі» бағыттары бойынша «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Әкешім – асқар тауым», «Әже мектебі» бағыты бойынша «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Туған жер» бағыты бойынша «Отан менің кіші отбасым», «Әже мектебі», «Ана мектебі» бағыттары бойынша «Жеңгеммен өткізген бір күнім» тақырыбындағы тәрбие сабақтары және «Зерде» бағыты бойынша «Өнеге отбасынан басталады» атты интеллектуалды байқаулар да өткен болатын.
Айта кетейік, «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» тақырыбындағы республикалық семинар «Jas Otan»Жастар қанаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Алдаспан» Қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
АЛМАТЫ
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар