Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Алматы ХҚО-лары алғашқы жұмыс күні 12,5 мыңнан аса адамға қызмет көрсетті

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова хабарлады.

Алматы ХҚО-лары алғашқы жұмыс күні 12,5 мыңнан аса адамға қызмет көрсетті

«Кеше Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынған болатын. Соған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.
Алғашқы жұмыс күні қарбаласқа толы болды. Екі айдан бері мемлекеттік қызмет алуға қатысты мәселелері жинақталып қалған алматылықтардың кейбірі, ХҚО-ның жаңа форматтағы жұмысын ескермей, кезекті брондамастан келіп алған. Оларға арнайы мамандар бөлініп, ХҚО ауласында смартфон арқылы бронь жасалды. Көпшілігі құжаттарының мерзімі өтіп кетті деп асығып келген. Азаматтарға айтарымыз, мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды. Электрондық қызметтерді үйінде алу мүмкіндігі жоқ адамдарға, Алматы қаласында 40-тан аса өзіне өзі қызмет көрсету секторлары ұйымдастырылған. Ал, цифрлық қызмет алуды меңгермегендер үшін Алмалы және Алатау аудандарында 2 цифрлық ХҚО жұмыс істеуде. Мұнда мамандар онлайн қызмет алуды үйретеді. Жалпы, мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қазіргі жаңа әдісі, ең алдымен қызмет алушы үшін өте ыңғайлы», - делінген жазбада.

Алғашқы жұмыс күні Алматы ХҚО-ларында 12,5 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.

Осылайша, Алматы қаласындағы 16 фронт-офис (оның екеуі цифрлық ХҚО), 5 мамандандырылған ХҚО, 2 Миграциялық қызмет көрсету орталығының алғашқы жұмыс күнінде 12542 адам қызмет алуға жүгінген.

Фронт-офистерге жүгінген 7208 адамның 2558-і төлқұжаты мен жеке куәліктерін рәсімдеген, 619 адам тұрғылықты жері бойынша тіркелген. Оның 475-і тұрақты, 144--і уақытша тіркеліп, 48 адам тұрғылықты жерінен есептен шыққан.

Мамандандырылған ХҚО-ларға жүгінген 3589 қызмет алушының 3012-сі көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, 577-сі жүргізуші куәлігін рәсімдеу қызметтерінің нәтижелерін алды.

Миграциялық ХҚО-ларда шетелдік азаматтарға 696 қызмет көрсетілген. Олардың 496-сы еңбекке рұқсат алу, 149-ы уақытша тікеуге тұру, 51-і ЖСН алу қызметтеріне жүгінген.

Алмалы және Алатау аудандарында ашылған цифрлық қызмет көрсету орталығына 1050 адам келіп, электрондық қызметтер алып, онлайн қызмет алу дағдыларына үйренген.

Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы, телеграм-бот eGovKzBot2.0 немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеу қажет. Ескеретін жәйт, ХҚО-ға қатаң түрде белгіленген уақыт аралығында барған жөн. Себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек болады. Сонымен қатар бронь барысында тіркелген ЖСН иесі ғана электронды кезекті пайдалана алады.

59

Алматы ХҚО-ларының жұмыс уақыты дүйсенбі мен сенбі аралығында, таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін, деген ақпараттарды да Жаңыл Әпетова өз парақшасында хабарлаған.