Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Күнделікті 3 мыңнан аса адам тест тапсырады - Алтай Көлгінов

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар жөнінде айтып берді.

Күнделікті 3 мыңнан аса адам тест тапсырады - Алтай Көлгінов

«Біздің басты міндетіміз – науқас адамдарды дер кезінде анықтау. Сондықтан қазіргі уақытта тесттен өтетін азаматтардың санын көбейттік. Егер осы ТЖ басталған күндері бір ғана лаборатория жұмыс істеген болса, қазіргі уақытта елорда аймағында 5 лаборатория жұмыс істейді. Күнделікті 3 мыңнан астам тестілеу жүргізілуде», - деді Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, күн сайынғы тестілеу нәтижесі қауіпсіздік шараларын қабылдауға септігін тигізуде.

«Індетпен күресу жолында ТЖ алғашқы кезеңінде пневмония, ЖРВИ және басқа да симптомы бар азаматтарды барлық емхана қабылдай алатын. Бірақ бұл дәрігерлерге қауіп төндірді. Сондықтан дәрігерлердің қауіпсіздігі үшін біз пневмония диагнозы бар азаматтарға тек бір аурухананы белгіледік. Ол – теміржол ауруханасы. Сонымен бірге, ЖРВИ немесе басқа да симптомы бар азаматтарды №2 аурухана қабылдады. ТЖ аяқталған соң 14 емханада ЖРВИ немесе басқа симптомы бар науқастарды қабылдауға мүмкіндік туды. Бұл шаралардың арқасында біз 150-ге жуық вирус жұқтырған адамды басқа ауруханаларға жіберуге жол бермедік. Яғни, біздің дәрігерлерді және басқа да азаматтарды сақтап қалдық», - деді қала әкімі.

Індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта 4 мыңға жуық дәрігерге 1,5 млрд теңге қаражат бөлінді.